Автор: ais_media

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында кезекті дөңгелек үстел «ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорын» ЖШС-де өтті. Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет заңнамалық деңгейде енгізілгендігі және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейтіндігі айтылды. Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс…

Read More

Түркістан қаласының «Бекзат» секторында Наурыз мерекесі тойланды. Үш мыңнан аса адам қатысқан жиында сектор тұрғындарының демеушілігімен көпбалалы анаға төрт бөлмелі үйдің кілті табысталды. Мерекелік дастарқан жайылып, қазақ эстрадасының жұлдыздары әннен шашу шашты. Атап айтқанда, Айдар Тұрғамбек, Бақытжан Мұстафаев әуезді ән шырқап, Бекарыс Шойбеков пен Тұрар Тілеулиев арасында тартысты айтыс өтті. Одан бөлек, сектордың кішкентай өнерпаздары да өнерлерін ортаға салды. Салтанатты жиында Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға ізгі ниетін жеткізді. Әйгілі спортшы Ермахан Ибраимов өз сөзінде Бекзат Саттархановтың жолын қуған спортшылар қатары көбеюіне тілектестігін білдірді. Мерекелік жиында көпшілік арқан тартысып, аударыспақтан өз бақтарын сынады. Қошқар көтеру мен гір…

Read More

Тайланд елінің Паттайя қаласында параканоэдан кезекті Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық елдерінің ең мықты спортшылары қатысқан додада Қазақстан ұлттық құрамасының саңлақтары жақсы нəтижеге қол жеткізіп, туған елге олжалы оралды. Ескек есу спортынан бабы келіскен Түркістан облысының саңлақтары Азия чемпионатынан 3 алтын, 2 қола медальді жеңіп алды. Еліміздің таланты спортшысы, жерлесіміз Спатай Бибарыс KL2 дәрежесінде алтын жүлде алса, оның жеңісті жолын тағы да түркістандық Максим Богатырёв KL1 дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сонымен қатар келешегі кемелді Максим Богатырёв VL1 сынында да өнер көрсетіп, үздік атанды. Талантты спортшы Жаңыл Балтабаева KL3 дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдегер атанды. Спатай Бибарыс VL3 қашықтықта да олжа салып,…

Read More

Әл-Фараби ауданында «Әр отбасынан бір ағаш» акциясы жалғасын табуда. Бүгін ауданда сенбілік жұмыстары Орманов, Диваев көшелерінде өтті. Тазалық шарасында аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, үй басқарушылары және тұрғындары бірлесе 200 түп айлант ағашының көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, аудан аумағында басты көшелердің бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыстары әр апта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Read More

Құрметті қазақстандықтар! ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесі барлық азаматты Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы бес жылға арналған Тұжырымдамасын белсенді талқылауға шақырады. Жемқорлықты тек бірге жеңеміз!Толығырақ www.adal.com.kz сайтында.

Read More

Қазақстандық «QazVac» вакцинасы «дельта» штамынан тиімді қорғайды. Мұндай нәтижені ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетті, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. Ғалымдар бейтараптандыру реакциясына тест өткізді, нәтижесінде отандық «QazVac» вакцинасымен егілгендер антиденелердің жоғары деңгейін көрсетті. Вирусты бейтараптандыратын антиденелер клиникалық зерттеулерге қатысқан еріктілердің 90%-нан астамында анықталды. Сондай-ақ зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргізілді. QazVac вакцинациясынан кейін хомяктарда пайда болған антиденелер коронавирустың «үнді штаммын» бейтараптандыруға қабілетті екендігі анықталды. «Біз QazVac вакцинасы құрған антиденелердің «ухань», «британдық альфа», «үнділік дельта» сияқты коронавирустың жаңа штамдарын бейтараптандыру қабілетін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздік. Нәтижелер вакцинациядан кейінгі антиденелердің иммунитетті қалыптастыратынын және вирустың үш түрін де…

Read More

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов пен американдық әнші LP Fighter (Жауынгер) атты әніне түсірілген бейнебаянды көпшіліктің назарына ұсынды. «Fighter әніне түсірілген ресми видео YouTube-те», – деп жазды Иманбек өзінің Instagram-дағы парақшасында. Әнші де оқырмандарын бейнебаянның толық нұсқасына баға беруге шақырған. Бейнебаянда әнші мен диджей қарсыластармен күресуге мәжбүр құдды бір өзге ғаламшар тұрғындары іспетті. Өнерпаздардың жанкүйерлері бұл туындыға оң бағасын беріп үлгерді.

Read More

Елімізде өткен тәулікте 2693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz  хабарлайды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 191, Алматы қаласы — 549, Шымкент қаласы — 125, Ақмола облысы — 143, Ақтөбе облысы — 133, Алматы облысы — 256, Атырау облысы — 69, Шығыс Қазақстан облысы — 135, Жамбыл облысы — 55, Батыс Қазақстан облысы — 99, Қарағанды облысы — 431, Қостанай облысы — 105, Қызылорда облысы — 56, Маңғыстау облысы — 38, Павлодар облысы — 192, Солтүстік Қазақстан облысы — 79, Түркістан облысы — 37. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 870059.

Read More

Қазақстанда үйге біреу тіркелген жағдайда баспананың иесіне тіркелген адамның деректері жазылған SMS келетін болады. Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе, тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама жіберіледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы енгізгенін хабарлады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, SMS-хабарламалар бөтен адамдар азаматтардың үйіне жасырын тіркелген жағдайларда мәселені шешеді. «Қазақстандықтар маған үйлерінде бейтаныс адамдардың тіркелгені туралы жиі жазып жатады. Аталған жаңа сервис бұл мәселені шешуі тиіс. Егер біреу сіздің қатысуыңызсыз ХҚО арқылы үйіңізге бөгде адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарлама арқылы бірден біле аласыз. Сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы…

Read More

Қазақстандық файтер Сергей Морозов журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. «Қазанда маған жекпе-жек бермейміз деді. Қарашаның не желтоқсанның соңында өткізесің деді. Сондықтан қараша-желтоқсанда шығып қаламын. Дайындықты бастадық. Қараша ма, желтоқсан ба, тіпті, қаңтар ма — маған бәрібір. Маңыздысы жекпе-жек өткізу», — деді Морозов.

Read More