Ұлы Отан үшін күрескен шымкенттік ардагердің бірі — Утробина Вера Степановна. Қала әкімі майдангердің үйіне арнайы барып, Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтады. Шаһар басшысы құттықтау сөзінде бүгінгі ұрпақтың ашық аспан аясындағы тыныш, мамыражай өмірі кешегі қиянкесті соғыста елі, жері үшін жаумен аянбай арпалысқан ардагерлердің ерлігінің арқасында келгенін, сол бабаларымызды әрқашанда мақтан тұтып, құрметтейтіндігін айтып, ардагерге ұзақ ғұмыр тіледі. Вера Утробина 1923 жылы 25 қыркүйекте Татар Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Орлова ауылында дүниеге келген. 1942 жылы шілдеде Беларуссия майданына 61-армия құрамына жіберілді. 257 бөлімде атқыштар бригадасында басынан жарақат алып, 112 госпиталға түсті. 1945 жылы Германияның Нойрупен қаласына дейін келген. «Ұлы…
Автор: ais_media
Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағында Жеңіс күніне орай мерекелік шара өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облыстық Қорғаныс істері бойынша департаменттің бастығы Нұрмаханбет Бексейітұлы қатысты. Шара барысында әскери қызметте еңбек етіп, қоғам үшін игі істер жасаған азаматтар марапатталды. Өнерпаздар Жеңіс күніне арналған қойылымдарын қойып, жас жеткіншектер өлең шумақтарын арнады. Жиынға қатысушылар даңқ мемориалы алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.
Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев в ходе рабочей поездки в Казыгуртский район посетил дома ветеранов и поздравил их с праздником. В Казыгуртском районе проживает самое большое количество ветеранов в области — здесь их четверо, и всем им уже по сто лет. 100-летний ветеран ВОВ Исабай Жузеев рассказал главе области о войне. Он один из тех казахов, кто встретил Победу в Берлине. — Молодое поколение не забудет о вашем подвиге. В самой сложной и жестокой войне в истории человечества наши деды-герои проявили мужество и внесли свой вклад в Великую Победу. В их числе ветераны Туркестанской области. На постоянной основе оказывается поддержка…
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазығұрт ауданындағы соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Ардақты ақсақалдарға құрмет көрсетті. Түркістан облысындағы соғыс ардагерлерінің басым бөлігі осы Қазығұрт ауданының тумалары. Бұл аймақта 100 жастан асқан 4 майдангер тұрады. Жаңабазар ауылындағы 100 жастағы ҰОС ардагері Исабай Жүзеев өңір басшысына соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. 1922 жылы Қазығұрт ауданында дүниеге келген қария жеңісті Берлинде қарсы алған көп қазақтың бірі болған. Бірнеше медаль мен ордендердің иегері. – Жас ұрпақ, тарих сіздердің ерліктеріңізді ұмытпайды. Адамзат тарихындағы ең күрделі әрі зұлмат соғыста біздің батыр аталарымыз ерлік көрсетіп, Ұлы Жеңіске үлес қосты. Солардың қатарында Түркістан облысының да ардагерлері…
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жастармен «галстуксыз», яғни еркін форматта жүздескен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өскелең буынның бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетінін айтты. Өңір еріктілеріне алғысын білдіріп, ақыл — кеңес берді. Ұсыныс-идеяларын, мұң-мұқтажын тыңдады Айта кетейік, Түркістан облысындағы жастар саны 470 мыңнан асады. Еріктілер 15 мыңнан асты. Елге көмектесіп, еңбек етіп жүрген ерікті жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, облыс басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Өмірзақ Шөкеев жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін Түркістан өңірін түлетіп, өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді. – Түркістан облысы – еліміз бойынша жастар ең…
Сегодня 85-летний юбилей отмечает актер и режиссер театра и кино Асанали Ашимов. Легенду советского и казахстанского кино поздравил Ерболат Досаев. Глава города передал поздравления Президента страны Касым-Жомарта Токаева. Аким отметил выдающийся вклад артиста в развитие театрального искусства и кинематографа и пожелал ему долгих лет жизни. «Вы занимаете особенное место в истории отечественного кино. Сегодня поддерживаете и продвигаете инициативы и проекты в сфере искусства, наставляете молодежь и прославляете страну за рубежом», – сказал Ерболат Досаев. Наиболее яркие и запоминающиеся роли Асанали Ашимов сыграл в фильмах «Кыз-Жибек», «Конец атамана», «Транссибирский экспресс», «Гонцы спешат» и др. Фильмы с его участием вошли в золотой…
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркістанға келді. «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға арнайы келген Асқар Қуанышұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, өңірде ашылған «Turkistan» телеарнасының ұжымымен танысты. Ашылғанына бір жылдан енді асқан телеарнаның заманауи студиясында сұхбат берген министр журналистер қауымымен емен-жарқын әңгімелесіп, пікір алмасты. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірде ақпарат саласынына қолдау көрсетіліп жатқанын, жас телеарна өз көрерменін тапқанын мәлімдеді. Журналистер министрге сұрақтарын қойып, жұмыс барысы туралы ой қозғады. Ұсыныстарын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей Андреевтің шаңырағына барып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Шыңғыс Жұмабекұлы аға буынға құрмет көрсету – перзенттік парызымыз бен қастерлі міндетіміз екенін атап өтіп, қарт майдангерге сый-сияпат жасады. Қала әкімдігі ардагерлерді қамқорлығына алып, әрдайым қолдау көрсетіп келеді. — Ұлы Жеңіс мерекесіне орай қала әкімінің арнайы жоспары бойынша құттықтау іс-шаралары өтуде. Шаhарда ҰОС ардагерлерінің қатары сиреп барады. Біз майдангер ата-әжелеріміздің ерлігін еш ұмытпаймыз. Ардагерлерге қала әкімдігі тарапынан әлеуметтік қолдау жеткілікті. Оларды мерекеде құттықтау үшін түрлі мекемелер ұсыныс жасауда, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары. Құттықтау іс-шарасында Capital Invest Construction құрылыс компаниясының…
Бүгін театр және кино актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Кеңес және Қазақстан киносының аңызын Ерболат Досаев құттықтады. Қала басшысы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі. «Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жатырсыздар», – деді Ерболат Досаев. Асанәлі Әшімов «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және т.б. фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады. Дереккөз: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелеріне орай, мерекелік іс-шара атап өтілді. Іс-шараға аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков, аудан мәслихатының хатшысы Шамхат Халмурадов, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, аудандық «Қоғамдық кеңестің» төрағасы Мұрат Есалиев, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, ауған соғысының, Чернобыль, Семей ядролық полигонының және тыл ардагерлері қатысты. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерді еске ала отырып, олардың рухтарына рухына құран бағышталып, еске алудан кейін Даңқ мемориалы алдында мәңгілік алауға гүл-шоқтары қойылды. Жиналған қауым арасында бір минут үнсіздік жарияланды. «Майдан даласындағы…