Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

    08.05.2022
    Түркістан облысы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелеріне орай, мерекелік іс-шара атап өтілді. Іс-шараға аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков, аудан мәслихатының хатшысы Шамхат Халмурадов, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар, аудандық «Қоғамдық кеңестің» төрағасы Мұрат Есалиев, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, ауған соғысының, Чернобыль, Семей ядролық полигонының және тыл ардагерлері қатысты.
    Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерді еске ала отырып, олардың рухтарына рухына құран бағышталып, еске алудан кейін Даңқ мемориалы алдында мәңгілік алауға гүл-шоқтары қойылды. Жиналған қауым арасында бір минут үнсіздік жарияланды.
    «Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбектеріңізге тағзым етеміз. Қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген ауыр уақытта Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүйгіштіктеріңіз, бірліктеріңіз бен бауырмалдық қасиеттеріңіз үшін басымызды иеміз. Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кең пейіл еліміздің көк байрағы мәңгі бейбітшілік аспанында желбірей бергей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!», — деген тілегін жеткізді Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков.
    Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өткізіліп, аудан әкімі Отан қорғау қызметіне айрықша үлес қосқан, мамыр айындағы мерекелерге орай, еңбек ардагерлері Т.Аташев, Р.Матназаров, А.Қабылбеков және Ә.Байназаровтарға «Ұлы Жеңіс» күніне арналған медальдерін табыс етті.
    Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық саяси-өміріне белсене араласқаны үшін облыс әкімінің грамотасымен аудандық түрік этномәдени орталығының басшысы Х.Пазаев, ал алғыс хатымен Таулы Қарабақ ұрыс қимылдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Батаевтарды марапаттады.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толу және Отан қорғаушылар күндеріне орай, еңбектегі жоғары жетістіктері үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кіші сержант, жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау қызметінің бөлімше бастығы Н.Абдиханов, инспектор қызметкерлері Б.Хожанов, Н.Мырзахметов және А.Туракуловтар аудан әкімінің алғыс хаттары берілді.
    Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, әскери және патриоттық тақырыптарға сай, «Самұрық» және «Самғанұр» би топтары орындап, спорт мектебінің тәрбиеленушілері жаттығуларын көрсетіп, «Ғұнча» халық ансамблі мен әншілер өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
    #Сайрам ауданы #Түркістан #Түркістан жаңалықтары #Түркістан облысының әкімдігі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026

    «Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

    26.08.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.