Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»Ө.ШӨКЕЕВ ЕРІКТІЛЕРІМЕН ЕРКІН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
    Аймақ

    Ө.ШӨКЕЕВ ЕРІКТІЛЕРІМЕН ЕРКІН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    08.05.2022
    Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жастармен «галстуксыз», яғни еркін форматта жүздескен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өскелең буынның бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетінін айтты. Өңір еріктілеріне алғысын білдіріп, ақыл — кеңес берді. Ұсыныс-идеяларын, мұң-мұқтажын тыңдады
    Айта кетейік, Түркістан облысындағы жастар саны 470 мыңнан асады. Еріктілер 15 мыңнан асты. Елге көмектесіп, еңбек етіп жүрген ерікті жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, облыс басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Өмірзақ Шөкеев жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін Түркістан өңірін түлетіп, өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.
    – Түркістан облысы – еліміз бойынша жастар ең көп шоғырланған мекен. Өңірде еріктілер қозғалысы өте жақсы деңгейде. Біз жастардың қозғалыстарын қолдаймыз. Президент тапсырмасымен еріктілер жылында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Көшбасшы жастар шығып жатыр. Арыс апаты кезінде қалаға еліміздің әр қиырынан мыңдаған еріктілер келді. Олар шынайы жанашырлықпен еңбек етіп, қаншама адамның сауабын алды. Біз олардың бірқатарын марапаттарға ұсындық. Мақтааралдағы су тасқыны кезінде, пандемия кезінде де өздеріңіз жүрдіңіздер. Бүгін міне, талай сынақтан өтіп, таңдалған елуге жуық еріктімен арнайы кездесіп отырмын. Еркін әңгімеге шақырамыз. Қазір біздің жастар өте білімді әрі талантты. IT, мәдениет, әдебиет, шаруашылық, бизнесте жетістікке жетіп жүр. Тіпті, мұхиттың ар жағына танылып, өнерімен мойындатып жүргендер бар. Біз сондай талантты өрендерді Түркістанға шақырып жатырмыз. Жастар ресурстық орталығы өңір жастарын біріктіріп жүр. Сіздер өз салаларыңыз бойынша елге қызмет етуді ойлануларыңыз керек. Мақсат қойып, соған жету жолында бар күштеріңізді салыңыздар. Жастарға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Өмірзақ Шөкеев.
    Еркін форматта өткен сырлы кездесуге түрлі саладағы 50-ден астам жастар қатысып, көп мәселенің күрмеуі шешілді. Жастар өңір басшысына түрлі сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Қолжетімді баспана мәселесін көтерді. Бұқаралық спортты дамыту, жастар квотасы бойынша да ұсыныстар айтылды. Облыс әкімі жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс істелетіндігін жеткізді.
    Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасын табады.
    Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев нөсер жауыннан зардап шеккен Шарбұлақ ауылына барып, тұрғындармен жүздесті. Табиғаттың тосын мінез танытуынан зардап шеккен тұрғындарға алғаш күннен бастап өңірдің еріктілері көмек беріп жатыр. Мұндағы Шарбұлақ елді мекеніне қарасты шамамен 30 үйдің ауласынан су өткен еді. 15 үйдің қорасына, сарай және автокөлік гаражы мен бір үйдің жертөлесіне су кірген. Түн ортасында болған оқиға салдарын жоюға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен 6 арнайы көлік жұмылдырылып, тазалық жұмыстарын жүргізді. 100-ден астам ерікті көмек беріп жатыр.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    #Түркістан #Түркістан жаңалықтары #Түркістан облысының әкімдігі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026

    «Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

    26.08.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.