Автор: ais_media

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 10 тамыз «Абай күнін» тойлауға арналған қала көшелерінде жастар арасында викториналық сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Шараның мақсаты Абайдың өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа қалдырған өсиетін жастардың ой санасына сіңіру. Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен нәр жинап, тәлім — тәрбие алуға бағытталады. Сұрақ -жауап айдарына қатысқан жастарға арнайы Абайдың өлеңдер жинағы, қара сөздер кітабы, қыздарға арналған қазақи әшекейлер табысталды.

Read More

Бүгінгі Шымкенттің шуақты таңы әсем әуезді әнмен атты. Таңмен таласа өңірлік зиялы қауым, құрметті азаматтар, қала тұрғындары «Абай» саябағына гүл шоқтарын көтере келді. Неге десеңіз, 176 жыл бұрын, дәл осы күні қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері – Абай Құнанбайұлы дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, артына өшпейтұғын із қалдырған кемеңгер Абайдың туған күнін биыл шымкенттіктер осылай атап өтуге бел буды. Әрине карантин талаптарын сақтау басты назарды. Шымкент қаласының қақ ортасында орналасқан Абай саябағында бүгін ерекше атмосфера. Таңнан бастап Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жанды дауыста ұлы ақынның әуезді әндерін келушілер қосыла шырқауда. Бұл шараға…

Read More

Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру бағытында шымқалалық жастардың дарынын қолдауға арналған іс-шаралар өтіп тұрады. Ағымдағы жылғы шілде айының 7 мен тамыз айының 7 күндері аралығында «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен мобилографтар арасында байқау өтті. Бір ай бойы жалғасқан байқауға 15-25 жас аралығындағы 20-ға жуық мобилографтар бақ сынасып, өз материалдарында Шымкенттің туристік нысандарын көрсетуге тырысты. Ұзақтығы 1 минутқа дейінгі Шымкент қаласының көрікті орындары түсірілген видеолар келіп түсті. Шымкенттің туристік әлеуетін арттырып, дарынды жастарды қолдауға бағытталған байқаудың жеңімпаздарына демеушілер тарап 100 мың теңге қаржылай сый үлестірілді. Шығармашыл жастардың жұмысын арнайы қазылар алқасы анықтады. Әділқазылар құрамында – «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері, кәсіпқой фотограф -Мақсат…

Read More

Биылғы жылға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Жолдауында Мемлекет басшысы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттігін, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың жазасын қатайтып, жолын кесуді тапсырған. Құқық бұзушылықтың жолын кесіп, алдын алудың тиімді бір жолы адамдармен, ұжымдармен кездесіп заң бұзушылық үшін қандай жазаларға душар болатынын, заң бұзуға бармауды түсіндіру болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК ұжымымен кездесу өтті. Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Ветеринариялық қызмет мекемесінің директоры Н.Зейнолла, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев және «Шымкент-адалдық алаңы»…

Read More

Мемлекет басшысының Жолдауында азаматтарды, оның ішінде жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік бағдарламалар әлеуетін кеңінен пайдалану тапсырылған. Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту іс-шаралары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаға қатысушылардың бірі Мерей Атымтай биыл «Шымкент жоғары медициналық» колледжін «Дантист-стоматолог» мамандығы бойынша тәмамдаған болатын. –Оқу орнын бітірген соң бірден жұмыс табыла қоймады. Барлық жерде жұмыс тәжірибесін талап етеді. Бірақ менде оларға қажет тәжірибе болған жоқ. Дипломды енді алған кезім ғой. Кейінен жастарға арналған жаңа жоба бар екенін естіп, қалалық жұмыспен қамту орталығына барып, кеңес алдым. Онда…

Read More

Президент Қ.К. Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай Шымкент қаласының полиция Департаментінің қызметкерлері халықтың тілек-арызына жіті мән беріп, жылдам орындауға сөйтіп азаматтарды заңсыздық пен құқық бұзушылықтан қорғауға ерекше мән беруде. Мегаполистің Қаратау ауданының  Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, жер телімінде тұрған әрқайсысының ұзындығы 12 метрді құрайтын 9 дана темір құрылыс материалын (швейлер) белгісіз тұлға ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын құны-700.000 теңге. Азаматтың арызы бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлыққа күдікті ретінде жергілікті азамат  анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Осы ауданның Полиция басқармасына арызданған тағы бір тұрғын өз арызында, белгісіз азамат үйінің аумағына заңсыз кіріп, құны…

Read More

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Осы ретте, қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен онлайн режимде жиын өтті. Шараға Департамент басшысының орынбасары Б.Ұзынжас және полиция департаменті бастығының орынбасары А.Бейсенбаев қатысты. Кездесу барысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде бірқатар ұсынулар талқыланды. Атап айтқанда, қылмыстық құдалауды тоқтату бойынша пара талап ету, азаматтардың арыздарын тіркемеу және олар бойынша түпкілікті шешім қабылдамау, пара алу деректері бойынша қылмыстық істер қаралды. Іс-шарада…

Read More

Мемлекет басшысының Жолдауында құқық қорғаушыларға халықпен тығыз жұмыс жасап заңдылықтарды сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң ережелері мен талаптарын түсіндіру арқылы ғана мемлекет пен азаматтар арасында сенім орнығып, жауапкершілік артатыны ескертілген. Шымкент қаласы полиция Департаменті жоғарыдағы жағдайлар бойынша пандемиялық кезде де карантин ережелерін сақтай отырып халықпен тығыз жұмыс жасап келеді. Шымкенттік полицейлер суға шомылуға қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жаз мезгілінде қала аумағындағы шомылатын өзен, су жағалауларында демалатын халықтың қарасы көбейеді. Төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, суға кету және жарақаттану жағдайлары жиі кездеседі. Суға батып кетудің негізгі себептері -…

Read More

Президент Қ.К.Тоқаев құқық қорғау органдарының пандемиялық жағдайда да халықтың талап-тілегін қанағаттандырып, заңсыздық пен құқық бұзушылық орын алмауын қадағалауды, заңның үстемдігін орнатуды талап еткендіктен де Шымкент қаласының құқық қорғаушылары қарапайым азаматтарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алып, алаяқтардың адымын аштырмауға күш салуда. 2021 жылдың 6-тамызында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азамат тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, алаяқтық жолмен 200.000 теңге ақшасын иемденген. Қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не тұрғын үй кезегін жылжытып бермей жүргенін жазып көрсеткен. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қаратау ауданының…

Read More

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына күнделікті рейд жүргізуде. Мемлекет басшысы айтқандай «Таза қала» акциясы тазалыққа, тұрғындардың жауапкершілігін күшейтуге көмектеседі. Екінші жағынан тұрғындардың әкімдікпен бірге жасаған тазалық жұмыстарын бүлдіріп, көрінген жерге қоқыс тастап, бүлдіріп кететіндер де кездеседі. Сондай тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алып, құрықтау үшін мегаполисте тұрақты түрде профилактикалық іс-шара жүргізіліп келеді. Шымкенттік полицейлер «Таза қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 64 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Ағымдағы жылдың 7-тамызында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен рейдттік іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде, 64 көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630 бабы (жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әл-Фараби ауданы…

Read More