Шымкент қалалық сотында судьялар мен адвокаттар дөңгелек үстел басында жиналды. Мұндағы мақсат – жаңа Әкімшілік сотқа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясында түсіп жатқан әкімшілік талаптардың алғашқы тәжірибесінен туындаған мәселелер бойынша пікір алмасу. Жиынды Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Г.Қыдырбаева ашып, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жұмысқа кіріскелі түскен әкімшілік талаптардың 20 пайызға жуығы қаралмай кері қайтарылғанын айтты. Әкімшілік талаптарды қайтару себептері біртектес. Көбіне, осы соттың соттылығына жатпайтын немесе іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралмайтындықтан кері қайтарылып жатыр. Сотқа түсетін әкімшілік талаптардың басым бөлігі адвокаттар мен заң өкілдері арқылы түсетіндіктен, қордаланған мәлеселелерді талқылау күн…
Автор: ais_media
Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген. Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда арақашықтық қатаң сақталып, дезинфекциялық құралдар- тепловизер, санитайзер, дезинфекциялық кілемше көзге көрінетін жерлерге қойылуы керек. Одан өзге, Әл-Фараби ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық қоғамдық тамақтанатын орындар, тойханалар және компьютер клубтары қатаң…
Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күшейтілді,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптардың орындалуы маңызды. Атап өткенде, маска кию, санитайзерлердің болуы мен арақашықтықты сақтау сынды нормалардың орындалып жатқандығы қатаң бақылауға алынды. Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген. Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда…
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі ұжымы жыл басынан бері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты көптеген пайдалы іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Белсенді ерікті жастардың күшімен мұқтаж жандарға жәрдемдесу, волонтьерлік көмектер беру, басқа да қоғамдық ұйымдармен үкіметтік емес мекемелермен бірлесіп қайырымдылық, жастарға арналған отаншылдыққа, денсаулықты сақтауға, білімділікке ұмтылуға дағдыландыратын іс-шаралар ұйымдастыруда. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жастар арасында футболдан турнир өтті. Жастар арасында ұйымдастырылған бұл спорттық іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды денсаулығын нығайтып, бұқаралық спортты жанына…
Мемлекет басшысының қарапайым халықты құқықтық жағынан қорғауды қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту бағытында жұмыс жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес үшінші мегаполисте әкімдік қоғамдық, үкіметтік ұйымдармен бірлесіп тұрақты жұмыс жасап келеді. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты «Самғау сенім» орталығын аралап, қызмет сапасын бақылады. Сонымен қатар, қызмет алушылармен тікелей әңгімелесіп, мұң-мұқтаждықтарын тыңдады. «Самғау Сенім» орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетеді. Бүгінде дағдарыс орталығында түрлі қиындықтарға душар болған 25-ке жуық қыз-келіншек пен балалар қызмет алуда. Барлығы да әлеуметтік және құқықтық қамқорлыққа мұқтаж. Айта кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандармен мұнда…
Мемлекет басшысының азаматтарымыздың құқықтарын қорғауда құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, реформа жасау мәселесін көтергені белгілі. Сот жұмысына қатысты азаматтардың ісін жеңілдету, уақытын үнемдеу және араздасқан соттасушыларды ұлттық дәстүрге сай татуластырып, бітімге келтіруді жүзеге асыратын медиаторлардың жұмысы заңдастырылып, он жыл бұрын Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы күшіне енген болатын. Яғни, бүгін Медиация күні! Осы мерекеге орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшелерімен және кәсіби медиаторлармен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта кездесу өткізілді. Сондай-ақ мұндай онлайн форматтағы кездесу еліміздің басқа өңірлерінде де ұйымдастырылып, оған қаламыздың медиаторлары да қатысты. Кездесу барысында мерекелік құттықтаулар жолданып, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары талқыланды.…
Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері 29 шілде күні Еңбекші ауданы, Қаратөбе тұрғын алабындағы тұрғындармен және түрлі этнос жастары арасында кездесу өткізді. Кездесу карантинге байланысты көшелерде мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бағытындағы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттарын ілгерілету, мемлекеттік этносаясаттың бағыттарын түсіндіру, аумақ тұрғындарын толғандыратын мәселерді айқындау мақсатында өткізілген болатын. Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері кездесулерде мемлекеттік «Жастар саясаты» бағдарламасының еліміздің жастарына көп пайдалы жағы барын, білім алуда, еңбек етуде, тұрғын кезегі, жұмысқа тұру және басқа да өмірдегі кездесетін жағдайларда жасөспірімдер мен жастардың жағдайын жақсарту, оларға өсуге, жайлы өмір сүруге мүмкіндіктер ашу көзделгенін айтты. Жастар тек қоғамда өздерінің белсенділігін көрсетіп,…
Шымкент қаласында қоғамдық келісімді сақтау мен нығайта түсу бағытында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп іс-шаралар өткізу жобалары да жүзеге асырылуда. Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша кешенді жоспардың аясында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша діни бірлестіктермен және түрлі этностар өкілдерімен бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде кесте жасалған. Осыған орай, 28 шілде күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен онлайн кездесу өтті. Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов жүргізді. Онлайн жиында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков,…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қоғамдағы тәртіпті нығайтып, қандай да бір құқық бұзушылықтарды болдырмауды, ол үшін құқық қорғау органдарының жұмысын ширатып, реформалауды тапсырған. Осы саланың жұмысын саралау үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Департамент бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов мемлекеттік органның жарты жылдықта атқарған жұмысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қаланың Бас полицейі есепті кезеңде бірқатар қылмыс түрлерінің саны төмендегенін айтты. Атап айтқанда, тонау, пәтер ұрлығы, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны біршама азайған. Қылмыстың ашылу деңгейі де жақсарған. Мәселен соңғы 3 жыл көлемінде ауыр және аса ауыр…
Республика басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы жылға арнаған Жолдауында және «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жайындағы мақаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын ысырапқорлықпен, даңғойлық, даңғазалықпен өткізбей халық нақты сезінетіндей игілікті де халыққа пайдалы істермен атап өтуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының бұл ұсынысын халықтық партия іліп әкетті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Nur Otan” партиясы “30 Қайрымды іс” жобасы аясында Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қайрат Сүлейменов және «Пища жизни» дәмхана желісінің қолдауымен, сондай-ақ Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 36 вакцинациялау бекеттеріне ыстық тамақтар үлестірілді. Жастар орталығының өкілдері бұл шарада белсенділік танытты. Жобаның мақсаты –…