Автор: ais_media

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық берілген. Президент атап өткендей, ауыл шаруашылығы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, халықты жұмыспен қамтитын және экспорттық әлеуетті арттыратын экономиканың негізгі салаларының бірі. Үкімет Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғырту, қайта өңдеуді тереңдету және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер мал және өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Қайта өңдеу өнеркәсібі жоғары даму қарқынын көрсетіп отыр: •…

Read More

Президент тапсырмаларына сәйкес Шымкент қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары» қабылданды. Оның аясында жастар мен жұмыссыздарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана 160 кәсіпорын 1 800 тұрақты жұмыс орнын, ал 227 мекеме 1 500 уақытша жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 223 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, оның ішінде әлеуметтік осал топтардың өкілдері де бар. Сонымен қатар «http://xn--90ahbu63c.kz/» порталы арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мыңдаған оқушы мен студент жұмыс іздеу дағдыларын меңгеріп, арнайы сертификаттар алды. Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы…

Read More

Президент атап өткендей, әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана бағытталуы тиіс. Бұл бағытта Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек жүйесі жетілдіріліп келеді. 2025 жылы осы мақсатқа 7,5 млрд теңге бөлініп, 4 684 отбасы (24 628 адам) қолдау алды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 242 балаға қосымша төлем жасалды. Қолдау алушылардың саны 2024 жылмен салыстырғанда 40%-ға азайып, халық табысының артуын көрсетті. Сонымен бірге, «FSM Social» мобильді қосымшасы енгізіліп, өтініштерді цифрлы форматта қабылдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды. Қосымша ретінде Шымкент пен Қарағанды облысында әлеуметтік жағдайды 23 критерий бойынша бағалайтын баллдық үлгі енгізіліп, көмек шынайы мұқтаж жандарға ғана берілу мүмкіндігі артты.…

Read More

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қала халқының 82,5%-ы сақтандырылған. Әлеуметтік осал топтағы 56 964 азаматты толық қамту үшін жыл сайын 2,9 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. 2024 жылдың шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалау жүйесі іске қосылып, стационарлар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек айналымы цифрлық бақылауға алынды. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында барлық медициналық ұйымдар электронды рецептке көшіп, 2025 жылы 619 мыңнан астам рецепт жазылды. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жаңа медициналық орталықтар салу жоспарланып, кадр тапшылығын шешу үшін жас мамандарды резидентураға жіберу тетігі қарастырылуда. Толығырақ: https://www.youtube.com/live/ENdIEuXzCf4?si=HK7WfYl07_7aLM_o #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Read More

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында Шымкентте 150-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар мен студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Үш жаңа мамандық – логистика, аяқкиім ісі және киім дизайны бойынша лицензиялар алынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 жаңа білім ордасы пайдалануға беріліп, 10 нысанға күрделі жөндеу жасалды. Балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында 132 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру енгізіліп, кезек алты есеге қысқарды. Ал тұрғын үй саясаты бойынша мемлекет жалдау ақысының 50%-ын өтеу тетігін енгізіп, мүгедектерге, жетімдерге және көпбалалы отбасыларға айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Толығырақ: https://www.youtube.com/live/ENdIEuXzCf4?si=HK7WfYl07_7aLM_o #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Read More

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады 2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялап, ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындады. Президент қоғамдағы әділдік принципін бекітуге, әлеуметтік қолдауды күшейтуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударды. Сондай-ақ 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, еңбек адамын құрметтеу, кәсіби біліктілікті арттыру және еңбек нарығын жаңа деңгейге көтеру міндетін қойды. Бұл шешім жас ұрпақтың болашағын айқындап, қоғамдағы жұмысшы мамандығының беделін арттыруға бағытталған. Толығырақ:…

Read More

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери колледждің жаңа оқу корпусы салтанатты түрде ашылды. Аталған маңызды іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қарулы Күштердің ардагерлері, колледждің жеке құрамы, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. Салтанатты шара Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшыны бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл — жас ұрпақтың тарихты құрметтеуге, елін қорғаған батырлардың ерлігіне тағзым етуге бағытталған тәрбиелік маңызы зор сәт болды. Қорғаныс министрі мен қала әкімі қатысушыларды жаңа оқу ғимаратының ашылуымен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін…

Read More

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңшалары салынып, халық игілігіне берілді. Осыған дейін қала басшысының халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан ойын алаңшаларын салу туралы ұсыныс-пікір айтылған болатын. Тұрғындардың шағымын ескере отырып, қажетті орындарда, атап айтқанда Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде ойын алаңшалары, сондай-ақ Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңшалары бой көтерді. Құрылысы ағымдағы жылдың ақпан айында басталған алаңшалар бүгінде толық аяқталған. Барлық жұмыстар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған. Сонымен қатар, аумақтар абаттандырылып, жасыл желекпен көмкеріліп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен…

Read More

Бүгін Түркістан қаласының мектептерінде жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Қаладағы 85 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 5 500 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жалпы оқу ордаларында 55 мыңнан астам оқушы білім алмақ. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы жақында күрделі жөндеуден өткен №9 Некрасов атындағы мектептің алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады. -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі тамыз конференциясында: «Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс» – деп атап өткендей, білім беру саласының дамуы ел болашағы үшін ерекше маңызға ие. Өткен…

Read More

В прошлом году в ряде регионов имелись факты призывов об отделении от страны в пользу отдельных лиц. В соответствии с пунктом 2 статьи 2 Конституции Республики Казахстан, суверенитет Республики распространяется на всю ее территорию. Государство обеспечивает целостность, неприкосновенность и неотчуждаемость своей территории. Статьей 180 Уголовного Кодекса Республики Казахстан предусмотрено, что пропаганда или публичные призывы к нарушению унитарности и целостности Республики Казахстан, неприкосновенности и неотчуждаемости ее территории либо дезинтеграции государства, а равно изготовление, хранение с целью распространения или распространение материалов такого содержания максимально наказываются лишением свободы на срок от десяти до пятнадцати лет с лишением гражданства Республики Казахстан или без такового.…

Read More