Автор: ais_media

Шымкентте ҚР Қарулы күштерінің Отар гарнизоны 30212 әскери бөліміне жас сарбазадарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Қалада 1 наурыз бен 30 маусым аралығында көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы көктемгі науқанда 1000-нан астам азаматты әскер қатарына жіберу көзделген. Жиынға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери саланың ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары, бауырлары қатысты. Полковник Ә.Шегебаев әскерге бару әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. – Мерзімді скери борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін зор абырой. Жылдан жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты артып, әскери дайындық деңгейі жоғарылап келеді. Отан қорғау – перзенттік парыз,…

Read More

Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи. В рамках акции бесплатную юридическую помошь будут оказывать известные адвокаты, нотариусы, прокуроры, следователи, судебные исполнители, руководители госорганов и др. В городе Шымкент акция пройдет по улице Бейбитшилик №4-6, Арбат.

Read More

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Акция аясында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар тегін заң көмегін көрсетеді. Акция Шымкент қаласының Бейбітшілік көшесі №4-6 мекенжайы бойынша Арбат гүлзарының бойында сағат 16:00-де өтеді.

Read More

Сейлбекова Күлімхан Каналбайқызы- З.Космодемьянская атындағы 23 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі. Педагог-шебер.Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.Білікті ұстаздың шәкірттері қалалық,Республикалық,Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.Бірнеше партриоттық әндердің авторы. Сабақ барысында «біртұтас тәрбие» ұлттық құндылықтарға басымдық беріп,оқушылардың сабаққа қызығушылығын одан әрі арттырады. Домбыра,фортепиано,сазсырнай,шаңқобыз аспаптарында еркін ойнайды. Қалалық,Республикалық семинарларда үздіксіз озық тәжірибесімен бөлісіп отырады. Соның бірі ҚР Оқу-ағарту Министрлігіне қарасты Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық авторлық бағдарлама негізінде тәжірибені тарату вебинарына қатысып,тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша жарық көрген ,,Өлкетану’’оқулығының музыка бөлімінің авторы. 2024 жылы оның «Музыка сабағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері» атты авторлық бағдарламасы Республикалық Сараптамалық кеңесінен өтіп,мақұлданды. Ұстаздық…

Read More

Қазақстан Республикасы білім беру саласының дамуына айрықша еңбек сіңіріп жүрген ұлағатты ұстаз, өлкетанушы, қоғам қайраткері Өмір Шыныбекұлы – педагогика мен қоғамдық сана жаңғыруының өзара тоғысқан тұсында дараланған азамат. Ұстаздық жолда саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған оның тәлімін көрген түлектер бүгінде елдің әр саласында табысты еңбек етіп, қоғам дамуына үлес қосып келеді. Ұстаздың осы қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, ол 2017 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2019 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды. Ал 2022 жылы еліміздегі ең үздік педагогтардың бірі ретінде «Қазақстанның үздік мұғалімі» атағына ие болды. Өмір Шыныбекұлының қызметі тек білім берумен шектелмейді. Ол…

Read More

Байғазиева Алтынкүл Алыпбекқызы тарих пен қоғамтану пәндерін оқытумен айналысып келе жатқан тәжірибелі ұстаз Ол 1986 жылы Шымкент педагогикалық институтын аяқтап, сол жылдан бастап еңбек жолын Шымкент қаласындағы №25 орта мектепте бастады. Бүгінде еңбек өтілі — 38 жыл. Қазіргі таңда №132 жалпы орта білім беретін мектепте ұстаздық қызметін абыроймен атқаруда. Алтынкүл Алыпбекқызы – оқушы бойындағы шығармашылық қабілетті ашып, танымдық біліктілігін дамытуды басты мақсат еткен жаңашыл мұғалім. Ізденімпаздығы мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде мектепішілік, қалалық, аудандық, республикалық деңгейдегі білім сайыстарында шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда, “Фарабитану” қалалық байқауы мен “Тарих ата” республикалық олимпиадасында оқушылары жүлделі орындарға ие болса, халықаралық ғылыми конференцияларда…

Read More

Жолдасова Гаухар Абдрахимқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты маманы, 30 жыл бойы шәкірттеріне сапалы білім беріп келе жатқан тәжірибелі педагог. Қазіргі таңда Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде педагог-зерттеуші ретінде еңбек етеді. Үш баланың аяулы анасы. Гаухар Абдрахимқызы – оқушылардың тілдік сауатын арттырумен қатар, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оята білген шығармашыл ұстаз. Ол өз сабақтарында заманауи педагогикалық әдістерді шебер пайдаланып, әр оқушының жеке қабілетін дамытып, олардың көркем ойлауына, еркін сөйлеуіне ықпал етеді. Ұстаздық жолында тек білім беріп қана қоймай, мәдениеттілікке, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеуді басты мақсат еткен. Жас мамандарға тәлімгерлік етіп, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп келеді. Шәкірттері пәндік олимпиадалар…

Read More

Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 1987 жылғы шешімімен 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні ретінде белгіленген. Сол уақыттан бері жыл сайын бүкіл дүние жүзінде, оның ішінде біздің елімізде де бұл күн ерекше атап өтіліп келеді. Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың әлемдік проблемасына, оның салдары мен оны жеңуге бағытталып, күш-жігерін осы мақсатқа аударуға арналған. Бірнеше жылдан бері осы күн қарсаңында елімізде бір ай бойы, яғни 26-мамырдан бастап 26-маусымға дейін есірткіге қарсы және нашақорлықтың алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Биыл да дәстүрге айналған осы бастаманың аясындағы кезекті іс-шаралар 26-мамырда бастау алды. Осы мақсатта Шымкент…

Read More

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүріп келеді. Солардың бірі – мемлекеттік қызметшілерді ротациялау тетігі. Бұл – мемлекеттік қызметшіні белгілі бір уақыт өткен соң басқа аймаққа немесе мемлекеттік органға ауыстыру арқылы кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара. Осы орайда, Президенттің 2024 жылғы 30 қазандағы № 687 Жарлығымен «Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына» өзгерістер енгізіліп, ротацияға жататын «Б» корпусы қызметшілерінің санаттарының шеңбері кеңейтілді. Атап айтқанда, өңірлерде С-О-2 (департамент, инспекция басшыларының орынбасарлары), D-O-2 (облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшыларының орынбасарлары) және Е-1 (қала аудан әкімдерінің орынбасарлары) санаттарындағы…

Read More

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында көптеген санитарлық-тазалық іс-шаралары өткізілуде. Бұл бастама еліміздің әрбір азаматының экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаны қорғау мен таза әрі қолайлы өмір сүру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Бүгін аталған жоба аясында қала аумағында тұрғындардың және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды сенбіліктер өтті. Абай ауданы Асар-2 шағынауданында №138 мектептің төңірегі, балалар ойын алаңшасы мен жол жиектері тазартылып, қоқыстар жиналды. Таң ерте жұмысқа іске кіріскен «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мектеп айналасын және Таңшапағы көшесін қоқыстан тазартып, экологиялық акцияға белсенді атсалысты. Сонымен қатар, жол жиектері тазаланып, шөптер орылды, барлық қоқыс жиналып, қала…

Read More