Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Медет Мұзапбарұлы Халықов пен Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оразалыұлы Оспановтың қатысуымен маңызды жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы жүргізіп отырды. Іс-шараға Шолаққорған, Құмкент, Жартытөбе ауылдық округ әкімдіктеріндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен Шолаққорған ауылына қарасты білім беру мекемелерінің 10–11 сынып оқушылары қатысты. Жиын барысында дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің ұлттың рухани тұтастығындағы маңызы, жастардың жат идеологиядан сақтануы, діни сауаттылықты арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар арасында ашық пікір алмасу болып, нақты түсіндіру жұмыстары…
Автор: ais_media
Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қыземшек кентінің мәдениет үйінде «Дәстүр мен төлтума мәдениет – ұлттың рухани коды» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Кездесуге арнайы Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Медет Халықов және ЖАНТ мүшесі, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов қатысты. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Елмұрат Керімхан ашып, жүргізіп отырды. Іс-шараға аймақтық бөлініс бойынша Жуантөбе, Тасты, Шу ауылдық округтері мен Қыземшек кентіндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері және Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің 10–11 сынып оқушылары қатысты. Жиын барысында дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің ұлттың рухани тұтастығындағы маңызы,…
По инициативе Молодежного ресурсного центра города Шымкент официально начал свою работу новый дебатный клуб «TOLQYN», состоящий из студентов колледжей города. На данный момент в составе клуба 27 активных молодых участников. Основная цель клуба – развитие у молодежи навыков критического мышления, формирование умения свободно и грамотно выступать перед публикой, а также укрепление их активной гражданской позиции через открытое обсуждение актуальных проблем общества. Работу клуба «TOLQYN» поддерживают и направляют опытные лидеры дебатов города – руководители таких известных клубов, как «Болашақ» и «Ақиқат». Лекции и дебатные тренировки проводятся регулярно три раза в неделю, включая воскресенье. Такая регулярность дает членам клуба большую возможность глубоко…
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен қаланың колледж студенттерінен құралған жаңа «TOLQYN» пікірсайыс клубы өз жұмысын ресми түрде бастады. Қазіргі таңда клуб құрамында 27 белсенді жас пікірсайысшы бар. Клубтың басты мақсаты – жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, көпшілік алдында еркін және сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылау арқылы олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын нығайту. «TOLQYN» клубының жұмысына Шымкент қаласының тәжірибелі пікірсайыс жетекшілері – «Болашақ» және «Ақиқат» сынды танымал клубтардың жетекшілері қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп келеді. Дәрістер мен пікірсайыс жаттығулары аптасына үш рет, соның ішінде жексенбі күндері де тұрақты түрде өткізіледі. Бұл тұрақтылық клуб мүшелеріне пікірсайыс мәдениетін терең…
2025 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 104,9 млрд теңгеге 69 жоба аясында 98 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 68 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, ал 29 нысан 2026 жылға өтпелі. Қазіргі таңда 1 нысанның құрылысы аяқталды. Тұрғын үй құрылысы аясында 57 көпқабатты тұрғын үйдің (3 592 пәтер, 283,5 мың м²) құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 31 үй (2 412 пәтер, 190,7 мың м²) 2025 жылы пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары негізінен Тұран, Бозарық және Ақжайық шағынаудандарында жүргізілуде. Бұған қоса, жұмыс істейтін жастар мен әлеуметтік осал топтарға арналған 1 379 пәтер (900-і жастарға, 379-ы әлеуметтік топтарға) нарықтан сатып алынады. 2024…
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. – Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр. Талантты музыканттарымыз әлемдік сахналарда табысты өнер көрсетіп жүр. Қазақ киногерлері түрлі халықаралық байқауларға қатысып, сарапшылардың жоғары бағасына ие болуда. Елордамызда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары табысты өтті. Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып…
Экономика города Шымкента стабильно растет в последние годы. Это результат планомерной работы по привлечению инвестиций в экономику города. В частности, в январе-апреле текущего года в Шымкент привлечено 233 млрд тенге инвестиций. Это на 54% выше соответствующего периода прошлого года. Согласно декомпозиции, утвержденной Правительством страны, в 2025 году в Шымкент планируется привлечь 1 триллион 54 млрд тенге инвестиций. Для дальнейшего развития экономики города в период с 2025 по 2029 годы планируется открыть 112 предприятий в обрабатывающей промышленности. Для этого разработан специальный пул инвестиционных проектов. В эти проекты предполагается привлечь 406 млрд тенге инвестиций. Будет создано более 8,5 тысяч новых рабочих мест.…
Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл – шаһар экономикасына инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуінің нәтижесі. Нақтырақ айтар болсақ, биыл қаңтар-сәуір айларында Шымкент қаласына 233 млрд теңге инвестиция тартылды. Мұның өзі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш. Ел Үкіметі бекіткен декомпозицияға сәйкес 2025 жылы Шымкентке 1 триллион 54 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Қала экономикасын одан әрі дамыту үшін 2025-2029 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінде 112 кәсіпорын ашылады деп жоспарланған. Ол үшін инвестициялық жобалардың арнайы пулы әзірленді. Бұл жобаларға 406 млрд теңгеге инвестиция тартылуы тиіс. Онда 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Бес…
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6%-дан асып, 6,43%-ды құрады. Бұл — 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары. Ол кезде ЖЭК үлесі небәрі 3% болған. Бұл өсім «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын айқын көрсетеді. Соңғы бес жылда елде тұрақты оң үрдіс байқалып келеді: — 2021 жылы – 3,69%, — 2022 жылы – 4,53%, — 2023 жылы – 5,92%, — 2024 жылы – 6,43%. «Жасыл» электр энергиясын өндіру көлемінің артуы жаңартылатын энергия көздері секторындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып отыр. Озық халықаралық тәжірибелер енгізіліп,…
Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды. Метрлік конвенция – жаһандық өлшем бірлігінің бастау нүктесі болды. Оның арқасында 100-ден астам мемлекет – АҚШ-тан бастап Жапонияға дейін – бірдей эталондар мен қағидаттарды қолдана отырып, бір-бірін түсініп, әділ сауда жүргізуге мүмкіндік алды. Қазақстан аумағындағы алғашқы өлшеу құралдарының жарамдылығын анықтайтын мекеме 1923 жылы Семей қаласында Омбы тексеру палатасының бөлімшесі ретінде құрылған. Бүгінде Қазақстанның Ұлттық эталондық базасы еліміздегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады және 104 мемлекеттік эталоннан тұрады. Оның 50-і – мемлекеттік эталон, ал 54-і – мемлекеттік жұмыс эталоны. Бұл эталондар ұзындық, масса, температура, қысым, электрлік және магниттік шамалар, сондай-ақ физика-химиялық…