Автор: ais_media

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті биылғы оқу жылын табысты қорытындылап, 2300-ден астам білім алушыны үлкен өмірге қанаттандырмақ. Олардың қатарында оқу үлгерімімен, қоғамдық белсенділігімен және кәсіби даярлық деңгейімен ерекшеленген 158 түлек үздік диплом иегері атанды. Бұл көрсеткіш жоғары оқу орнының білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті әрі кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлау. Осы бағытта университет білім беру бағдарламаларын жетілдіріп, болашақ мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға басымдық беріп келеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуына, шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруына және қоғамдық жұмыстарға араласуына…

Read More

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев объявил 2026 год Годом цифровизации и искусственного интеллекта, определив курс на трансформацию Казахстана в современное цифровое государство. Глава государства подчеркнул важность широкого внедрения технологий искусственного интеллекта во все сферы экономики и общественной жизни, уделив особое внимание модернизации системы образования. Данная инициатива направлена на укрепление научного потенциала страны и подготовку конкурентоспособных специалистов нового поколения. Сегодня искусственный интеллект становится неотъемлемой частью повседневной жизни. Технологии ИИ активно применяются в промышленности, медицине, финансовом секторе и государственном управлении. Вместе с тем все большее значение приобретает их использование в образовательной сфере. Современные цифровые решения позволяют совершенствовать учебный процесс, повышать качество образования…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін алға қойды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект технологияларын экономиканың барлық саласына енгізудің маңыздылығын атап өтіп, әсіресе білім беру жүйесін жаңғыртуға басымдық берді. Бұл бастама еліміздің ғылыми әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жол ашады. Бүгінде жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Ол өндіріс, медицина, қаржы, мемлекеттік басқару салаларымен қатар, білім беру жүйесіне де белсенді түрде енгізілуде. Заманауи технологиялар оқыту үдерісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді оқу ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект құралдарын білім беру…

Read More

Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мәжіліс залында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған профилактикалық семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға басқарма басшылығы, бөлім басшылары, аппарат қызметкерлері және Шымкент қаласындағы 1-полиция батальонының жеке құрамы қатысты. Семинар барысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың жеке деректерін қорғау, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Баяндамашылар ретінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, полиция капитандары Ердаулет Қанатұлы Ералиев пен Бақытжан Тұрсынбайұлы Бекбаев сөз сөйледі. Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, қатысушыларға алаяқтардың…

Read More

Детство – это время для обучения, всестороннего развития и счастливого взросления. Каждый ребенок имеет право на безопасную жизнь, качественное образование и защиту своих законных интересов. Поэтому предупреждение детского труда и защита прав несовершеннолетних являются важнейшими задачами государства и общества. Использование детского труда негативно влияет на физическое и психологическое здоровье ребенка, ограничивает его возможности для получения образования и полноценного развития. Именно поэтому во многих странах принимаются меры, направленные на предотвращение эксплуатации детей и обеспечение соблюдения их прав. Всемирный день борьбы с детским трудом призван привлечь внимание общества к этой проблеме и объединить усилия государственных органов, образовательных учреждений, родителей и общественности. Только…

Read More

Балалардың балалық шағы – білім алып, жан-жақты дамып, қауіпсіз ортада өсуге арналған кезең. Сондықтан әрбір баланың құқықтарын қорғау және оларды заңсыз еңбекке тартудың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Балалар еңбегін пайдалану олардың денсаулығына, білім алуына және толыққанды дамуына кері әсер етеді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық нормалар мен профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні қоғам назарын осы маңызды мәселеге аударып, әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Ата-аналар, білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар және қоғам өкілдері бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана балалардың құқықтары толық қорғалып, олардың қауіпсіз әрі бақытты…

Read More

Түркістан облысы мен Қытайдың жетекші инфрақұрылымдық холдингі арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды. Шетелдік инвесторлармен ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында әлемдік деңгейдегі бірқатар ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде өңір экономикасын дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар пулы қалыптасты. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек бастаған делегация Қытайдың жетекші мемлекеттік инфрақұрылымдық холдингтерінің бірі – Hubei Communications Investment Group компаниясының басшылығымен ресми кездесу өткізді. Кездесуге компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Ян Чанбинь мырза жетекшілік етті. Тараптар көлік инфрақұрылымы, экологиялық технологиялар, ағынды суларды тазарту жүйелері, жасыл энергетика және сутегі инфрақұрылымын дамыту бағыттарындағы ынтымақтастық…

Read More

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Цзянсу провинциясының Нанкин қаласында әлемдегі жетекші инженерлік және өнеркәсіптік компаниялардың бірі – Sinopec Nanjing Engineering компаниясының бас директоры әрі партия комитеті хатшысының орынбасары У Цзибо және «САУТС-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейтжановпен маңызды келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында мұнай-газ химиясы, энергетика, өнеркәсіптік инфрақұрылым және жоғары технологиялық өндіріс бағыттарында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндіктерін талқылады. Аталған бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға және өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан өңірінің қолайлы географиялық орналасуын, көлік-логистикалық мүмкіндіктерін, арнайы экономикалық аймақтардағы жеңілдіктерді және инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау…

Read More

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылында жеке кәсіпкер Таджиддин Нурметов шеге шығару өндірісін сәтті жүзеге асыруда. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көрген кәсіпкер өндіріс көлемін ұлғайтып, жергілікті нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету бағытында талмай еңбек етіп келеді. Кәсіпкер бағдарлама аясында «Ырыс» МҚҰ-нан жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 9 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, қаражатты өндіріс орнына қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсаған. Бүгінде цехта құрылыс саласында кеңінен қолданылатын шегенің 20 түрі шығарылады. Өндірілген өнім Түркістан облысының бірнеше аудандары мен қалаларына жөнелтіліп, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруда. Қазіргі таңда өндірілген өнімге тапсырыс көлемі артып келеді. Кәсіпкер…

Read More

Химическая отрасль является одним из важнейших направлений экономики Казахстана. Для укрепления связи между наукой и производством в данном направлении в Южно-Казахстанском университете имени М. Ауэзова началась международная научно-практическая конференция «Химия – 2026: Основа устойчивого развития науки и производства». https://www.facebook.com/reel/1306050238310236 На церемонии открытия мероприятия Председатель Правления – ректор Дархан Ахмед-Заки зачитал поздравление Министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбека и пожелал плодотворной работы участникам конференции. Следующим выступил академик НАН РК М.М. Буркитбаев. В своем докладе на тему «Академик АН КазССР А.Б. Бектуров — основатель химической науки и образования в Казахстане» он подробно рассказал об отечественной химической науке и трудах ученого.…

Read More