ды (мөлшері – 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін)», — деп түсіндірді Серік Шапкенов.
Бұдан бөлек, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді.
«Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедек бала кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан аса отбасына баспана кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжанған», — деді Серік Шапкенов.