Сенатта мәслихат хатшыларының жалақысы мәселесі көтерілді — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Суббота, 16 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

Сенатта мәслихат хатшыларының жалақысы мәселесі көтерілді

ais_media ais_media
23.09.2021
Басты ақпарат, Жаңалықтар, Қоғам, Руханият, Саясат, Спорт
0
Сенатта мәслихат хатшыларының жалақысы мәселесі көтерілді
0
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің депутаттық сауалымыз көптен бері айтылып, бірақ осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан еліміздегі аудандық, қалалық және облыстық мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесіне қатысты болмақ. Біздер таяуда өңірлерде іссапарда болғанымызда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша жұмыстарда әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екенініне куә болдық. Атап айтқанда, Үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 еседен артық көтерілген, алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбек ақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды.

Осы орайда айта кету керек, мұндай жағдай 2016 жылы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтерілгенде де орын алған еді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мәслихат хатшылары мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жалақы алып, мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметіне толық жауапты болғанымен, мемлекеттік қызметші болып табылмай, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға ретінде қаралады», — деді Мұрат Бақтиярұлы Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, мәслихат хатшылары мемлекеттік саяси және мемлекеттік әкімшілік лауазымдық деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлініске енгізілмеген. Сондықтан мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларының схемасына да енбегендіктен жалақысы көтерілмей қалды. Мысалы аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, бөлім басшысынан 50% төмен жалақы алады. Ал облыстық мәслихат хатшысы облыстық мәслихат аппарат басшысынан 50% төмен жалақы алады. Мәслихат хатшыларының мәслихат аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы, лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда.

«Дәл осындай жағдай тексеру комиссиясы төрағалары мен тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысына да қатысты орын алып отыр. Тексеру комиссиясы төрағаларының жалақысы тек 33%-ға, тексеру комиссия мүшелерінің жалақысы17%-ға ғана көбейді, ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан да көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссия мүшелері өз өкілеттіктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн. Осыған орай, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеу туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз», — деді сенатор Премьер-Министрге жолдаған сауалында.

Алдыңғы мақала

Тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мүгедек балаларды қолдауға бағытталған заң жобасы қабылданды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Мүгедек балаларды қолдауға бағытталған заң жобасы қабылданды

Мүгедек балаларды қолдауға бағытталған заң жобасы қабылданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.