Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»САУРАН АУДАНЫНДА 50 ЖЫЛ БҰРЫН АМАНАТТАЛҒАН ХАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
    Аймақ

    САУРАН АУДАНЫНДА 50 ЖЫЛ БҰРЫН АМАНАТТАЛҒАН ХАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

    06.05.2022
    Жеңіс мерекесінің 77 жылдығы қарсаңында Сауран ауданы Жүйнек ауылдық округінде 1971 жылы ұрпаққа аманат етіп жазылған өсиет хатты салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.
    Алқалы жиынға Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ этнос жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
    Іс-шара барысында осыдан 50 жыл бұрын жерге көмілген бабалар өсиеті алынып, онда жазылған жүйнектік 149 соғысқа қатысушылардың тізімі оқылды. Жиында белгілі болғандай, бабалардың өсиет хатын 1971 жылы С.Азимова жазып, арнайы капсуламен жерге қойып, сақтаған. Сол кезде 10-сынып оқушысы болған С. Азимова бүгінде 4 перзенттің аяулы анасы, 16 немеренің ардақты әжесі.
    Салтанатты шарада аудан әкімі Ғ. Рысбеков жарты ғасыр тарихы бар хатты ашып, ізгі лебізін білдірді.
    Майдангерлердің халықтың бейбіт ғұмыр кешуіне қосқан үлесі зор. От пен оқтың ортасында Отан үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасау — біздің борышымыз. Ел үшін есіл өмірін қиған ерлердің жанкештілігі мен қайсарлығы, батырлығы мен отансүйгіштігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Тұрақтылық пен бейбітшілікті ту еткен егемен еліміздің басынан бақ таймай, бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз нығая берсін, — деді Ғани Құрмашұлы.
    Тарихи сәттің куәсі болған көпшілік қауым да толқынысын жасырған жоқ. Хатта соғыста қаза тапқан ерлердің есімі жазылып, соғыстан кейінгі халықтың тұрмысы баяндалған. Сондай-ақ соғыс батырларының ерлігі суреттеліп, келер ұрпаққа өсиет жазылған.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    #Сауран ауданы #Түркістан #Түркістан жаңалықтары #Түркістан облысының әкімдігі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.