Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ АУЫЛҒА ОЙЫН АЛАҢЫН САЛЫП БЕРДІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ АУЫЛҒА ОЙЫН АЛАҢЫН САЛЫП БЕРДІ

    09.05.2022
    Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында балаларға және бұқаралық спортқа арналған ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл игілікті істі Отырар ауылының 2012 жылы мектеп бітірген түлектері жүзеге асырды.
    Бірнеше ай бойы салынған алаңды аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейітжанов пен ауыл ардагерлері ашып беріп, 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, алғысын айтты.
    Игілікті істі абыроймен атқарып, туған жерге деген құрметтің жарқын үлгісін көрсеткен азаматтарға барша тұрғындар атынан алғыс айтамын, — деді аудан әкімінің орынбасары.
    Ал түлектер мұндай істерді атқару, елге пайда тигізу әр адамның азаматтық парызы деп біледі.
    Әрине, қалтамыздан қаржы шығарып, сыныптастарымызды ұйымдастырып, ойын алаңшасын салу оңайға соқпады. Дегенмен ер жігіттің парызы — туған жеріне қызмет ету болғандықтан, ойға алған ісімізді жүзеге асыру үшін аянып қалмадық. Құдайға шүкір, бүгін төккен теріміз балалардың қуанышына айналып жатқанын көріп, еш қиындық көрмегендей көңіліміз көтерліп тұр. Осы орайда бастамамызға қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне, отырарлық аға-інілерімізге де алғыс айтамыз. Әр жылдары 10, 20, 30 жылдық мерейтойларын атап өтетін түлектер де осылай ауылымызға пайдасын тигізуді жалғастыра берсе, туған жеріміз түрлене бермек, — дейді 1995 жылы дүниеге келген сыныптастар.
    Ойын алаңшасының ресми ашылуы мерекелік іс-шараға ұласып, түлектер ауыл-аймақ тұрғындарына арнап ас берді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    #Отырар ауданы #Түркістан #Түркістан жаңалықтары
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026

    «Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

    26.08.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.