Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ӨЗ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ РУХАНИ МЕРЕКЕЛІК КЕШ СЫЙЛАДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ӨЗ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ РУХАНИ МЕРЕКЕЛІК КЕШ СЫЙЛАДЫ

23.06.2022
Бүгін Түркістандағы «Ақжайық» музыка мектебінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты іс-шарада Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай өңірдің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызметшілерге артылған жүк ауыр екеніне тоқталған Арман Шәріпбайұлы Түркістанды дамытуға үлес қосып жүрген әріптестерінің еңбегін жоғары бағалап, сый-құрмет көрсетті. Екі азаматқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тапсырса, бірнеше мемлекеттік қызметшіге облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаттарын тапсырды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Өркен Балажанов та бір топ қызметкерді департаменттің Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен бірге «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалы да өз марапаттарын ұсынды.
Бұл мерекелік кештің ерекшелігі – концерттік бағдарламаны кәсіби өнерпаздар емес, мемлекеттік қызметшілер әзірледі. Басқарма басшылары, бас мамандар мен мамандар өнерлерін көрсетті. Рухани кеште қазақ композиторларының танымал әндері шырқалып, ақындарының өлеңдері оқылды. «Мемлекеттік қызметкер – бала көзімен» атты эсселер де жұртшылық назарына ұсынылды.
Кәсіби мерекені мазмұнды етуге бар күштерін салған Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері өнерге бай, рухани әлеуеттері жоғары екендігін дәлелдей білді. Кеш соңында ең үздік өнер көрсеткен басқарма қызметкерлеріне арнайы құрмет көрсетілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өнерімен дараланған үздік қызметшілерді, басқарма өкілдерін марапаттады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.