Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Матуриди сенім мектебі жайлы таным
    Қоғам

    Матуриди сенім мектебі жайлы таным

    15.08.2022

    Дәстүрлі Ислам дінінде кеңінен танылған діни-құқықтық ұстаным – ханафи мәзһабына негізделген Матуриди ақидасы Орта Азия аумағындағы мұсылмандармен қатар Қазақстан мұсылмандарының сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі діни сенім танымы.

    Имам Матуриди Мәураннахр аймағының орталығы болған, бүгінгі Өзбекстан республикасындағы Самарқан шаһарының солтүстік-батысында орналасқан Матурид шағын елдімекенінде дүниеге келген. Имам Матуридидің толық аты-жөні – Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әс-Самарқанди. Матуридидің азан шақырып қойған аты −  Мұхаммед, лақап аты − Әбу Мансур.

    Матуридидің дереккөздерде туған жылы жайлы нақты мәлімет жоқ. Кейбір тарихшылар шамамен һижри үшінші ғасырдың бірінші жартысында, нақтырақ айтқанда, отызыншы жылдары яғни, 844-854 жылдар аралығында дүниеге келгенін болжайды. Ғалымдардың көпшілігі оның 333 / 944 милади жылы Самарқанда дүниеден озғанын мақұлдайды.

    Әбу Мансур әл-Матуридидің теология саласында бірегей ғалым болып қалыптасуына Әбу Ханифаның ғылыми мұрасының ықпалы зор болған. Әбу Ханифаның ғылыми көзқарастары мен әдісі «Маураннахр» аймағына оның ілімін жаю мақсатында келген шәкірттері арқылы жеткен. Солардың ерен еңбегінің арқасында аталмыш аймаққа Әбу Ханифаның «усулуд-дин» (дін негіздері) және «фиқһ» (ислам құқығы) іліміне қатысты ғылыми тұжырымдарына негізделген «ханафи» мәзһабы кеңінен тарады. Әбу Ханифа негізін салған мәзһабтың икемділігін, жергілікті жағдайларға бейімделгіштігін, дәстүрдің озығы мен тозығын ажырата отырып, ақыл-парасатқа негізделгендігін аңғартады. Осы мәзһабты ұстанған қазақ халқының бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері Ислам қағидаларымен үйлесіп, кірігіп кетті.

    Сенімдік мектептер тұрғысынан алғанда Қазақстан халықтары үшін дәл осындай тарихи қызметті Матуриди ақидасы атқарды. Матуриди ақидасы ғасырлар бойы мұсылмандар ел бірлігі мен тұтастығын сақтап, халықтар ынтымақтастығын арттыруға зор үлес қосты.

    «Амалдағы мәзһабым – ханафи, сенімдегі мазхабым – матуриди» дегенді жаттап өскен қазақ халқы ғасырлар бойы діни тәжірибесінде, құлшылық әрекеттері мен сенім негіздерінде осы қос ғұламаның жолын ұстанып келеді.

    Имам Әбу Мансур әл-­Матуриди – сунниттік Ислам теологиясының негізін қалаған біртуар ғұламалардың бірі һәм бірегейі. «Кәләм» ілімінің көшбасшысына айналған имам Матуриди сунниттік Ислам теологиясын ғылыми, әдістемелік тұрғыдан негіздеп, дінді оның негізімен үйлеспейтін жат сенімдер мен жаңсақ тұжырымдардан тазарту жолында ерен еңбек еткен біртуар ғұлама. Діни-­пәлсапалық ағымдар мен Исламның өз ішіндегі дәстүрлі сунниттік бағытқа қайшы бірқатар діни-­саяси ағымдарға қарсы тұрды. Осылайша, ол Құран мен сүннетке негізделген сүнниттік сенімнің кіршіксіз таза күйінде сақталып, келешек ұрпаққа жетуіне елеулі үлес қосты.

    Матуриди имам Мұхаммед аш-Шайбани мен Әбу Юсуфтың шәкірттерінен ілім алған. Ғұмырының соңына дейін діни танымдық тақырыптарда зерттеулер жасап өткен. Тәпсір, кәлам, фиқһ әдістемесі салаларында маңызды еңбектер қалдырып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Осы тұрғыдан, ол Ханафи мәзһабының имам Ағзамнан кейінгі екінші үлкен ғалымы деп танылған.

     

     

    Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.