Алматы қаласын абаттандыруға қатысты ұнаған жобаға дауыс бере аласыз. «Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында Алматыны жақсарту және дамыту бойынша қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдау мен іріктеу өтті.
Ұсыныстың жартысынан көбі аула мен қоғамдық орынды абаттандыруға арналған. Атап айтқанда, спорт және балалар алаңы мен күрке орнату, гүл бақтарды көгалдандыру және жөндеу.
Сараптамалық іріктеуден өткен идеялар budget.open-almaty.kz сайтында жарияланды. Енді қала бюджетін қайда жұмсау керектігін алматылықтардың өздері шешеді.
Бұған Алматыда тұрақты тіркелген тұрғындар ғана дауыс бере алады. Өзіңізге ұнаған үш жобаға дейін таңдайсыз. Дауыс беру 19 қыркүйекке дейін жалғасады.
budget.open-almaty.kz сайтындағы өтінімдермен танысыңыз, қай идеяға дауыс берер едіңіз, пікір жазыңыз.