ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕСІ 534 МЛРД.ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕСІ 534 МЛРД.ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

ais_media ais_media
01.10.2022
Экономика
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕСІ 534 МЛРД.ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Түркістан облысында экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125 млрд.теңгеге өскен. Түркістан облысының 2022 жылдың 8 айында облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамыту мақсатында жалпы құны 12 млрд. 700 млн. теңгеге 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 936 жұмыс орны ашылды. Облыс үшін маңызды ірі жобаларды іске асыруды жоспарланып отыр. Атап айтқанда, каустикалық сода, ПВХ, карбид кальций, цемент өндіретін, 5 класты мотор майы мен мұнай өнімдерін өндіретін және фосфорит өңдеу зауыты іске қосылады.
Ауыл шаруашылығы саласында 477 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артты. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 3 млн. тонна өнім жиналды. Елімізде салынған жылыжайлардың 71% облысқа тиесілі. Жаңадан 85 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1 552 гектарды құрады.
Мал басына қажетті азық 100% жиналып 4 млн. тоннаны құрап, жалпы қыстату науқанына 5 млн. тонна мал азығы жиналады. Түркістан аумағын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар су нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған шараларды іске асыру нәтижесінде жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жеткізілетін болады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 169 млрд. теңгені құрап, 9%-ға өссе, жыл басынан 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 34%-ға артқан. «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда (5 229 пәтер, 328,3 мың м2).
Бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілетінін баяндады. Бұдан бөлек, жеке инвесторлармен 13 мектеп пайдалануға беріледі. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың 53 мыңға жуық балаға мектеп формасы мен кеңселік тауарларын сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 млрд.теңге бөлінген.
Жыл басынан экономикаға 338 млрд. теңгеге жуық инвестиция бағытталып, 2%-ға артты. Жеке инвесторлар есебінен жүзеге 10 жобаны іске қосу жоспарланса, бүгінгі күнге құны 4 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылып, 128 жаңа жұмыс орны ашылды.
Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатқанын жеткізді. Түркістанды дамытуға 1,3 трлн. теңге инвестиция тартылады деп күтілуде. Оның 1 трлн. теңгесі немесе 77% жеке инвестициялар.

 

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.