Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН-БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН-БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    29.09.2022
    Республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің марапаттау рәсімі Түркістан облысында салтанатты түрде өтті.
    Аламан бәйгеге Қазақстан бойынша 19 өңірдің шабандоздары қатысты. Астанадан бастау алған аламанда шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды.
    Салтанатты шарада сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев үздіктер мен жанкүйерлерді құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
    — Бұл — бұрын-соңды болмаған марафон-бәйге. Сондай-ақ, отандық спортымыз үшін де, руханиятымыз үшін де теңдесіз тарихи оқиға. Тақымында тұлпары тулаған қайсар жігіттеріміз жігер танытты, намысты қолдан бермеуге бар күшін салды. Іс-шараға атсалысқан барша қауымға алғысымызды білдіреміз. Жеңіске жеткен командаларды шын жүректен құттықтаймыз! — деді министр.
    «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов дала дәстүрі мен ұлы көшпенділер мәдениеті қайта жаңғырғанына тоқталса, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды теңдессіз жоба қазақ руханияты мен спортын жоғары деңгейге көтергенін жеткізді.
    — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуі кезінде «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі турасында арнайы тоқталды. Президент өз сөзінде ұлттық спортты жаңғырту арқылы рухани серпіліс әкелу басты мақсат екенін жеткізген болатын, — деді Дархан Сатыбалды.
    Сондай-ақ, «The Great Steppe tour» қоғамдық қорының төрағасы Әлібек Әлденей марафонды халықаралық деңгейде өткізу керектігін айтты.
    12 күнге созылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафонының нәтижесінде бірінші орын иегері атанған Маңғыстау өңірінің «Көкмайнақ» командасына Дәурен Абаев пен Асхат Оралов сертификат пен медальді тарту етті. Бәйгенің жеңімпаздарына 24 млн. теңге көлемінде жүлде табысталды.
    Ал, екінші орынды Жетісу облысының «Жетісу» командасы жеңіп алып, 12 млн. теңгені иеленді. Ат бәйгесінің қорытындысына сәйкес, үшінші орынды Түркістан облысының «Теріскей» командасы қол жеткізді. Олар 9 млн. теңге сыйақыны қанжығаларына байлады. Төртінші орыннан көрінген жамбылдықтар 6 млн.теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Командалары жарыстан шығып қалып, мәреге жеке дара шауып келген 13 шабандоздың әрқайсысына 1 млн. теңге ынталандыру сыйлығы берілді.
    Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» – еліміздің 6 аймағын (Астана, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан облыстары) басып өтетін тұңғыш жалпы республикалық ат марафоны. Марафон-бәйгені ұйымдастырушылар – «The Great Steppe Tour» қоғамдық қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық спорт қауымдастығы. «Amanat» партиясы да қолдау көрсетті. Бас серіктес – «Самұрық Қазына» АҚ. Серіктес – «Sportqory» спортты қолдау қоры.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026

    БОКСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

    05.10.2026

    🌍🥊 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛЕР! 🇮🇹🏆

    27.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.