ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Пятница, 22 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ais_media ais_media
08.10.2022
Аймақ
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Түркістан облысында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимовпен кездесіп, бірқатар жобаларды талқылады. Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасын жалғыз өндіруші компания облыстың оңтүстік аймақтарында тыңайтқыш орталықтарын салу жобасын ұсынды. Ол үшін әкімдік тарапынан 3 га жер мен инфрақұрылым мәселесін шешу қолға алынбақ.
– Біздің мақсат – жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашу арқылы жұмыс орындарын көбейту. Отандық өнімді молайту, кіріс көлемін арттыру. Бюджетке ғана сенім артпай, жаңа жобаларды жүзеге асырған жөн. Бұл ретте инвестицияның маңызы зор. Сондықтан біз инвесторларға әрқашан ашықпыз және бірлесе жұмыс істеуге, қолдауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
«ҚазАзот» компаниясы оңтүстіктің ауыл шаруашылығы саласына қажетті 60000 тонна аммиак селитрасын жеткізуге жауапты екені белгілі. Облыс әкімі компания басшысына өңір диқандарын қажетті минералды тыңайтқыштармен әрі қарай да уақытылы қамтамасыз ету қажет екенін жеткізді. Аргосаладағы маңызды мәселенің бақылауда екенін айтты.
Басқосуда өңірге қажетті жобаларға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Созак Ойл энд Газ» компаниясының басшыларымен Түркістан облысының мұнай-газ перспективаларын талқылады. Түркістан облысына қарасты Шоқпақ аумағында орналасқан Үлкен Қаратау шұңғымасында мұнай қоры табылғаны белгілі. Аймақта алғаш рет анықталған «қара алтын» қоры Шу-Сарысу және Сырдария шұңғымаларында мұнай қорын болжауға үлкен септігін тигізбек. Қазба жұмыстары жалғасуда.
Кездесуге келген жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстарын жүргізуге ниетті компания геотермалдық және минералды көздер бойынша кешенді жұмыстар жүргізбек. Инвесторлар Арыс артезиан бассейнін геотермалдық суларға ең перспективалы жоба ретінде бағалады. Арысқа жақын орналасқан аудан мен қалалар – термалды судың тұтынушылары. Түркістан облысының аумағында жер асты суларының 300-ден астам кен орны бар.
Түркістанды енді үйден шықпай, электронды карта көмегімен көруге болады. Бұл жаңашылдық шаһарды толықтай 2D және 3D форматында көрсетеді. Басқосуда түркі әлемінің рухани астанасының геоақпараттық орталығының цирфрлық көшірмесін құрастыру мәселесі қаралды. Ұсынылған платформа арқылы табиғи және техногендік жағдайларды модельдеуге мүмкіндік бермек және қаладағы инфрақұрылымның жағдайын бақылауға болады. Жаңа жүйе шаһардағы салынып жатқан ғимараттарды қадағалайды. Ал мемлекеттік органдар халық санының өсуіне байланысты қай аудандарда мектеп және емхана салу керектігін анықтап отырады.
Түркістан өңірінің инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын айтқан облыс басшысы өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын, әрі қарай да жан-жақты қолдаудың болатынын айтты.

 

 

Алдыңғы мақала

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚҰРҒАҚ УӘДЕ БЕРЕ АЛМАЙМЫН»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.