Білім көкжиегінде… — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

Білім көкжиегінде…

ais_media ais_media
20.10.2022
Басты ақпарат, Жаңалықтар
0
Білім көкжиегінде…
0
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», — деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. Жалпы, Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады және оны айқындай түседі. Ал бүгінгі қазақ мектебінің бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденіске байланысты.

Шымкент қаласы білім басқармасының білім көкжиегінде алар орны бөлек. Бұрын Шымшаhарда мемлекеттік білім беру ұйымдары екі жүзге жуық болатын. Демографиялық өсімнің қанат жаюына байланысты өңірімізде бала саны күрт артып, бүгінде білім беру нысандарының қатары көбейді. Бүгінгі таңда,Шымкент қаласындағы 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленіші, оқушы мен студенттерді қамтиды (577 мектепке дейінгі білім беруде 77,7 мың тәрбиеленуші, 223 мектепте 245,3 мың оқушы, 38 колледж бен 9 университетте 107,9 мың студент).Шымкент қаласында әрбір үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар.«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында Қазақстан халқына арнаған Жолдауда көтерген «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету» мәселесі бойынша 2-6 жас аралығында қамту – 89%, 3-6 жас – 100% орындалды. 2025 жылға дейін 105 балабақшаны іске қосу арқылы қажеттілікті түпкілікті шешу жоспарланды.Мектеп оқушыларының саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Соңғы бес жылда 106 мыңнан 245 мың оқушыға немесе 2,3 есеге артты. Алдағы 5 жылда 315 мыңға жуық оқушы болады деп жоспарланды. Осыған орай, 2021-2025 жыл аралығында 101 мектеп салу жоспарланған. Соңғы екі жылда 58 мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр. Соңғы екі жылда жеке инвесторлар жан басына қаржыландыру есебінен 50 мектеп (2021ж-21, 2022ж-29 мектеп) 21 300 орынмен толықты. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныстарын білдіруде. Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал, сынып толымдылығы жоғары (дефицит) мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешілетін болады. 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, бюджеттен 44,6 млрд.тг. қаржы бағытталып, бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен, білім ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмасы мен турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толығымен қамтылды. Ал, материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32% — дан 72%-ға дейін артты.

Оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды. Оқу процесін ұйымдастыру
Шымкент қаласында 2022-2023 оқу жылында 1 ауысымда 45 мектепте 13 963 оқушы, 2 ауысымда 173 мектепте 213 762 оқушы, 3 ауысымда 5 мектепте 14 800 оқушы білім алуда.
Кадрлық қамтамасыз ету. Педагогтар саны – 31 800 (б/б – 5 684, колледж – 3 111, мектеп – 22 112).Мектептерде 22 112 педагог жұмыс істейді (мемл. – 20 611, ж/м – 1 501).
Кадрлық әлеуетті дамыту бойынша педагогтар еңбекақысын кезең-кезеңімен жоғарылауы, өзіне тән емес функциялар мен тексерулерден босату бойынша шаралар қабылданды, материалдық ынталандырулар ескерілуде. Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесін арттырылуда.
Қазіргі таңда, қаладағы мектептердегі педагогтардың ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында біліктілік санаты бар педагогтар саны — 12 988 педагог (65,9%).
2022 жылға біліктілік санаты бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішке (68%-ға) қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. ҰБТ тапсыру қараша айына дейін жалғасатын болады. Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда.

2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 300 мың теңгені құрайды деп жоспалануда. Тағы бір маңызды сәт: 2022 жылдан бастап мектепке алғаш мұғалім болып кіру үшін біліктілік тестін тапсыру міндеттелді. Бұл да болса сапалы педагогтерді іріктеуде өз нәтижесін беретін болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 116 білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланып, жаңа оқу жылында жұмыстарын бастады.
Инклюзивті білім беру
Шымкент қаласында алты психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК ) және 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (бұдан әрі — ППТК) бар. Оның ішінде 2022 жылы 1 ПМПК, 1 ППТК ашылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» ашылды.
Қазіргі уақытта қаланың 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 10162 бала есепте тұр.
Қазіргі уақытта қалада 143 мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған, техникалық қолжетімділікпен жабдықталған (пандустар, тактильді жолдар, санитарлық бөлмелер және т. б.) (100%)
Қаланың 88 жалпы білім беретін мектебінде 829 бала инклюзивті білім алады, сондай-ақ 7 жалпы білім беретін мектепте 60 арнайы сыныптарда 499 оқушы оқиды. Жалпы, білім көкжиегіндегі атқарылатын жұмыстар қыруар. Білім өшпес қазына — деген дана халқымыз. Осы ретте білім саласын дамытып, өркен жаюына өз үлесімізді қосуда еңбек ете берейік!

Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Д.Қыдырәлі: Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Д.Қыдырәлі: Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс

Д.Қыдырәлі: Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.