Түркістан облысының поилцейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол бермеу мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта Созақ аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова маңызы зор шара ұйымдастырды.
Аудан аумағында мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындар көп жиналатын орындарда әйелдерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жағдайда не істеу керектігі, іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық 100 дана жадынамалар таратты.
Өз кезегінде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерін байқасаңыз, немесе құрбаны болсаңыз, «102» нөміріне, немесе дағдарыс орталығына хабарласыңыздар деп ескертеді.