Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
Аймақ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

18.04.2023
Бүгін Жетісай аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандағы аралас тілді мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының этнос жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында аудандық байқау өтті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәртебесін көтеру, этнос өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгерген білімді әрі талантты жастарды анықтау, марапаттап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауға 10 этнос жастары қатысты. Байқауға Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Аташев, аудандық «Жаңа Жетісай» газетінің жауапты хатшысы Э.Өсербекова, «Тұран» мектеп-гимназиясының мұғалімі З.Асқарова қазылық етті. Байқауды Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының кеңесшісі, спорт майталманы, ауданның құрметті азаматы М-Б Жанбырбаев пен «Тілдірді оқыту және дамыту орталығының» басшысы Қ.Рысмаханов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. М.Жұмабаев пен С.Торайғыровтың 130 жылдығына орай өткізілген байқаудың шарты бойынша қатысушы жастар өздерін таныстырып, ақынның өлеңдері мен прозалық шығармаларын жатқа айтып, байқау шарттарын түгел орындады. Байқау қорытындысы бойынша «Ю.Гагарин» атындағы ЖОМ оқушысы В.Штыкель Бас жүлдені, Жетісай медициналық колледжінің студенті А.Товашарова жүлделi бiрiншi орынды иеленсе, «Асықата» ЖОМ оқушы З.Бекова екінші орынға шықты. Ал «Ғ.Мұратбаев» атындағы ЖОМ оқушысы Н.Әмір үшінші дәрежелі дипломмен марапатталып, қалған қатысушылар белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, Бас жүлдені иеленген үміткер «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты облыстық байқауға қатысатын болады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.