ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 26 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ

ais_media ais_media
20.04.2023
Аймақ, Басты ақпарат, Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Биыл Түркістан облысындағы арнаулы оқу орындары мен колледждерге мемлекет тарапынан 15300 грант бөлініп отыр. Ендігі кезекте осы гранттарды толық игеріп, жас түлектерді біліммен қамту керек. Оқушыларға мемлекеттік гранттар туралы ақпарат беру, насихаттау, түсіндіру маңызды. Бұл мәселе 2023-2024 жылы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу жөніндегі комиссия отырысында талқыланды. Жиынға төрағалық еткен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев оқушыларды, жастарды мемлекеттік грантпен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
– Былтыр Түркістан облысы үшін арнаулы оқу орындарына 17 мың грант бөлінген. Бірақ оның біразы игерілмей, кері қайтарылған. Оның түрлі себептері бар. Бірақ биыл мұндай олқылық қайталанбауы тиіс. Осыған сәйкес өңірімізге 15300 грант ұсынылып отыр. Оның 650-ден астамы облыстық бюджеттен медициналық мамандарды даярлауға бағытталды. Колледжде грантқа түскен студенттерге арнаулы білім, 30 мың теңге стипендия беріледі. Осы мүмкіндікті жастарымыз пайдалансын. Өңірде 52 колледж бар. Мемлекеттік тапсырысты білім стандардтарына әрі технкалық талаптары сай оқу орындары ғана алады. Түркістан облысында биылғы оқу жылы 30 мыңға жуық оқушы мектепті бітірсе, 42 мың оқушы 9-сыныпты тәмамдайды. Демографиялық өсім, оқушылар саны, жұмыссыз және мамандық алмаған NEET санатындағы жастар саны бойынша да алдыңғы қатардамыз. Сондықтан оларды білім беріп, мамандықпен қаматасыз етпесек болмайды. Жастарды қолдау керек. Әрбір мектепте осы бағытта түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Бұл ретте жауапты басқарма, колледждер, Жастар ресурстық орталықтары бірлесе жұмыс атқарулары тиіс. Гранттар облыстың дамуына қажетті әрі еңбек нарығында сұранысқа сай жұмыс орны бар мамандықтарға ғана бөлінгені жөн, – деген Бейсен Дәулетұлы жауаптыларға тапсырмалар берді.
Жиында Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстар мен гранттарды бөлу жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, бірнеше басқармадан ұсыныстар жинақталып, 87 мамандық бойынша қажеттілік анықталған. Гранттарды бөлуде осы ұсыныстар да негізге алынбақ. Комиссия мүшелері мектепті 3-4 жыл бұрын бітірсе де, білім алмаған жастарды да оқумен қамту мәселесін көтерді. Бүгінде бұл санаттағы жастардың да саны, тізімі жасақталып жатыр.
Жалпы, биыл өндірісті дамыту мақсатында инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары үшін 8375 грант, ауыл, орман, балық шаруашылықтары және ветеринария саласына – 700, қызмет көрсету кадрларын даярлауға 1575 грант бөлу жоспарланған. Яғни, техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Білім саласы мамандарын даярлауға – 1100, өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 275, кәсіпкерлік басқару және құқық саласына –375, цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы үшін 1950 грант бөлу межеленіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫР ШЫҒАРЫЛМАҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫР ШЫҒАРЫЛМАҚ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫР ШЫҒАРЫЛМАҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.