ТҮРКІСТАН: СУ НЫСАНДАРЫН КҮТІП ҰСТАУҒА, ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАЛАР САТЫП АЛЫНДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Среда, 27 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН: СУ НЫСАНДАРЫН КҮТІП ҰСТАУҒА, ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАЛАР САТЫП АЛЫНДЫ

ais_media ais_media
22.04.2023
Аймақ, Басты ақпарат, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СУ НЫСАНДАРЫН КҮТІП ҰСТАУҒА, ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАЛАР САТЫП АЛЫНДЫ
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облысындағы «Тұран су» мекемесі су нысандарын күтіп ұстауға реттеуге, механикалық тазалауға қажетті заманауи, жалпы құны 1 млрд. теңге болатын 17 техникамен қамтылды. Сатып алынған техникалар облыстың су және ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша серпін береді деп күтілуде. Ұлыбритания мен Жапонияның «JCB»,«HITACHI» компанияларының 10 шынжыр табанды және 2 дөңгелекті, заманауи эксковаторын мамандар жоғары бағалап отыр. Оған қоса бульдозер және өзге де техникалар ел игілігіне қызмет етпек.
Ордабасы ауданындағы аталған мекеменің өндірістік-техникалық базасында өткен жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып қайтты.
– Өздеріңізге белгілі, әлемде су тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын артуда.
Сондықтан әр тамшы суды үнемдеуді үйренейік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету — стратегиялық маңызы бар міндет екендігін атап өтіп, Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатқандығын, осы тұста су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аударуды тапсырды. Бұл мақсатта Түркістан облысында жұмыстар атқарылуда. Түркістан өңірінде орташа есеппен жыл сайын 210 млн. текше метр ағын су тапшылығы орын алған болатын. Осы мәселені шешу үшін, облыста бір қатар су нысандарының құрылыстары басталып, 2 ірі су нысандары пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады, – деген Дархан Сатыбалды облыстағы су шаруашылығының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті.
Облыс әкімі өз сөзінде «Тұран су» кәсіпорны аудан, қала әкімдерімен бірлесіп, халықтың сұранысы негізінде каналдар мен қашыртқылардың тазалау көлемін арттырып, ағын сумен қамтамасыз ету шараларын жандандыруды тапсырды.
Облыста 552 мың гектар суармалы жер бар, Республикалық көрсеткіштің 4/1 бөлігі. Өңірде су нысандарының құрылыстары басталып, 2 ірі су нысаны пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта облыстық коммуналдық меншікте 17 су қойма, 3 су торабы, 3 магистральды канал және 107 ішкі шаруааралық канал бар. Оларды күтіп-ұстау қызметін «Тұран су» кәсіпорны атқаруда.
Механикалық тазарту арқылы су арналары ашылып, ағын су жеткізу сапасы артады. Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен бірге бұл төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының бірі.
Түркістан облысында сыйымдылығы 18 млн. текше метрді құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы салынып, нәтижесінде, жылына қосымша 34 млн. текше метр ағын суды жеткізуге мүмкіндік ашылды. «Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы жылына 60 млн. текше метр ағын суды үнемдеуге қол жеткізілді. Сонымен қатар «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймасын салу жобалары әзірленуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢ АШЫЛЫП, ЕКЕУІНІҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢ АШЫЛЫП, ЕКЕУІНІҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК АЛАҢ АШЫЛЫП, ЕКЕУІНІҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.