ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Воскресенье, 7 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

ais_media ais_media
06.09.2023
Экономика
0
ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы мониторинг топтары құрылған. Олар осы бағыттағы кемшіліктерді анықтап, бағаны қадағалап келеді. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайы туралы баяндады.
Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылданған. Атап айтсақ, 3 «Магнум» желісі мен 50 супермаркет пен дүкен, «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базары тұрақтандыру қоры мен айналым схемасы, форвардтық келісім арқылы қаржыландырылған. Тауарөндірушілердің азық-түліктерін тікелей жеткізу арқылы нарықтық бағадан 15-25% төмен сату көзделген. Жыл басынан нарыққа шығарылған 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі 4,5 мың тоннаны құрап отыр.
Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмысты реттеп, азық-түлік көлемі, бағасына тұрақты зерттеу жүргізу қажеттігін айтты.
– Мемлекет басшысы инфляцияны төмендету жөнінде тапсырма берді. Инфляцияны реттеуде азық-түлік бағасының алар орны айрықша. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты бақылауда болуы тиіс. Әлеуметтік дүкендерді талапқа сай етіп, сөрелеріне сапалы өнімдердің қойылуын қадағалаған жөн. Екіншіден, бағасы өсуі ықтимал азық-түлік тауарларын қазірден анықтап, тауар тапшылығының алдын алу керек. Өз өңіріміздің тұтыну көлемі туралы сараптама әзірленсін. Биыл облыста, көршілес өңірлерде егілген және жиналған көкөніс көлемі туралы зерттеу болуы тиіс. Жәрмеңкелер ұйымдастыру мәселесін де жүйелеңіздер. Аудан, қала әкімдері бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті жұмыстарды жандандырсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңірде 30 әлеуметтік дүкен бар, оның 17-сі жаңа форматта болса, 13-і ескі форматта. Әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан 20-30% төмен саудалануда.
Қала аумағындағы негізгі 50 супермаркет пен дүкенмен бағаның негізсіз өсуіне және 15 пайыздық сауда үстемесінен асып кетуіне жол бермеу жөнінде меморандумдар жасалған. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жанынан құрылған 2 мониторингтік жұмыс тобы, Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Түркістан қаласы әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы, сондай-ақ ӘКК жанынан құрылған мониторинг топ сауда үстемесін қадағалап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізеді. Делдалдарды анықтап, анықталған фактілерді комиссияға ұсынуда.
Бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия тарапынан 78 отырыс өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тауарларын өндіретін және сататын 48 нарық субъектісіне қатысты шаралар қабылданып, бағалар қалыпқа келтірілді. 30 супермаркетке қатысты сауда үстемесін 15%-дан асыру бойынша шаралар қабылданып, бағалар реттелген. Жұмыртқа өндіруші, сары май өндіруші компанияларына қатысты бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерді жою бойынша жұмыс жүріп, бағалар 7-10% төмендеді.
«Алтын бұлақ» және «Қуаныш» базарларындағы көкөніс павильонындағы 12 сауда орындарына қатысты сауда үстемесін асыру фактілері бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, бағалар тұрақтандырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Алдыңғы мақала

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚОЛӨНЕРДІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН ЕРЕКШЕ АЗАМАТ ТҰРАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚОЛӨНЕРДІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН ЕРЕКШЕ АЗАМАТ ТҰРАДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚОЛӨНЕРДІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН ЕРЕКШЕ АЗАМАТ ТҰРАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.