Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ КӨМІР МЕН ГАЗ ШЫҒЫНДАРЫ ҮШІН СУБСИДИЯ АЛАДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ КӨМІР МЕН ГАЗ ШЫҒЫНДАРЫ ҮШІН СУБСИДИЯ АЛАДЫ

12.09.2023
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы міндетін атқарушы Әлібек Плалов айтты.
– Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысының аумағында орналасқан. Өңірде 1 517 га аумақта 3 366 жылыжай бар. Қуат көздері тарифінің көршілес Орталық Азия елдеріне қарағанда жоғары болуы, жергілікті жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендеткен. Осы мәселелерді шешу мақсатында өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларда пайдаланылған көмір мен газ шығындарын субсидиялау жоспарлануда. Ол үшін жылыжай иесі сертификат алуы керек,- деді Әлібек Әбдіхалықұлы.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Қанат Қабылбеков 2023 жылдың 1 мамырынан бастап Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты бекітілгенін айтты. Сонымен қатар, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ аймақтық филиал директоры Мәлік Асхатұлы облыста жылыжайларды стандарттау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғандығын жеткізді.
— Фермерлерге түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда жылыжай шаруашылықтары тарапынан 89 өтінім тапсырылып, 15 фермерлік жылыжай сертификатталды. Сертификатқа өтінім қабылдау үшін Шымкент, Сарыағаш қалаларында орталық жұмыс істеп тұр. Сертификат алған жылыжай иесі субсидияға ие болады. Ал сертификаттау бойынша 8 775 318 67 57, 8 7252 982-196 нөмірлеріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады. Ал субсиядиялау бойынша «gosagro.kz» сайты жұмыс істейді, -деді ол.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.