Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ
    Аймақ

    ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    10.10.2023
    Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мәдениет үйінде 2023 жылғы 9 қазан күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша семинар-кездесу өткізілді.
    Аталған іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы М.Медетбекова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры А.Танирбергенова, Түркістан облыстық білім саласы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Байғұтов, Түркістан облыстық білім басқармасының бас маманы К.Оспанова, Түркістан облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» директорының орынбасары Н.Нұрлыбаев қатысты.
    Кездесуге Ордабасы ауданынан -248, Бәйдібек ауданынан -33, Арыс ауданынан -22, Сайрам ауданынан -72 педагог қатысты. Сонымен қатар, Ордабасы ауданынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгерлер, сынып жетекшілер, ата-аналар комитетінің төрағаларымен бірге аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық емхана өкілдері де қатысты.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек», — деген болатын.
    Осыған орай, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» дер кезінде жасалған тәрбие жұмысының бағдаршамдай жол көрсетер сара жолы болды. Біртұтас тәрбие бағдарламасы оқу-тәрбие процесіне енгізіледі.
    Бағдарлама аясында «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» жобаларын іске асырылып жатқаны туралы және де бала тәрбиесіндегі отбасы институты рөлін нығайту мақсатында білім беру ұйымдарында «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жобалары жаңа мазмұнда жалғасатыны айтылды.
    Сонымен қатар, кездесуде бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін әрбір педагогтің қалай жүзеге асырып жатқаны туралы айтылды. Педагогтермен топтық жұмыстар жүргізілді. Құндылықтарға бағытталған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша кездесу-семинары өз дәрежесінде өтті.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.