АНАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ЕНГЕН ҰСТАЗ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 9 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

АНАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ЕНГЕН ҰСТАЗ

ais_media ais_media
23.10.2023
Аймақ
0
АНАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ЕНГЕН ҰСТАЗ
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» демекші, Сауран ауданы, Шорнақ ауылының тұрғыны, 40 жылдан астам «ұстаздық етуден жалықпаған» ардақты ұстаз Балымхан Байтенова апай бүгінде сол бейнетінің зейнетін көріп жүрген асыл жандардың бірі. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаз жолында талай шәкірттер тәрбиелеп, сол шәкірттерге дара тұлғасымен үлгі бола білген, олардың өмірде өз жолдарын таңдауына, биік белестерге жетуіне үлес қосқан аяулы ұстаз бүгінде ел құрметіне бөленіп отырғаны айқын.

1958 жылы, 21-ші наурызда дүниеге келген Балымхан апай Қызыләскер (Қосмезгіл) ауы-лының тумасы. 1975 жылы Қызыләскер атын-дағы жалпы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтының тарих факультетін тәмамдайды. Ең алғаш еңбек жолын Шорнақ ауылы қазіргі Сауран ауданындағы Т.Айтжанов мектебінде (бұрын-ғы М.В.Фрунзе мектебі) тарих пәнінің мұғалі-мі болып бастайды. 1991 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кейін директор болып қызмет етеді. Білім саласында біліктілігін арттырып, бар ілім-тәрбиесін шәкіртінің санасына жеткізетін, жауапкершілігі мол ұстаздық қызметті 40 жыл абыроймен атқарып, зейнетке шығады.

Ұзақ жыл білім ұясын басқаруда, білім беруде жаңа серпін, тың өзгеріс әкеліп, әріптестер арасында беделді қызмет атқарған Б.Байтенова елеулі еңбегі мен жеткен жетістіктері үшін көптеген марапаттарға ие болады. Атап айтқанда, «Ы. Алтынсарин», «Мәртебелі ұстаз» төсбелгісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім министрінің, Түркістан қаласы әкімінің және Түркістан қалалық білім бөлімінің көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, «Үздік педагог» грамотасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдық мерей тойына орай егеменді еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында сарп еткен қажырлы еңбектің  жемісі.

Бүгінде зейнет жасына жетсе де еңбектен жырақтамаған ұстаз ауылдың ынтымақ-бірлігін, қоғамдық келісімді нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға өзіндік үлес қосып жүрген Сауран ауданы, Шорнақ ауылы Аналар кеңесінің белсенді мүшесі. Бүгінде ауыл жастарына тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлерімізді таныту, отбасы институтын сақтау және нығайту, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал ету үшін осындай бірлестіктердің маңызы зор екені белгілі. Самайдағы ағарған шаштың әрбір талы ұстаздың талмай еткен еңбегінің, шәкірттері үшін аянбай тыным таппаған күн-түндердің ізі десе болғандай.

Мектеп жылдарындағы еселі еңбегімен қатар, отбасы бақытын қатар алып жүрген батыр ана жұбайы Ізбасар Әлішерұлы екеуі 4 қыз 2 ұлды өсірген жандар. Ұл-қыздары ана жолын қуып, ұстаздық мамандықты меңгеріп, тұңғышы Нүрия Қызыл әскер мектебінде қазақ тілі мұғалімі және оқу ісі меңгерушісі, Меруерт Шорнақ ауылы Т. Айтжанов мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімі, Салтанат Түркістан қаласы №16 мектепте психология пәні мұғалімі, Ернар Шорнақ ауылы Т.Айтжанов мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет етсе, Гаухар «Азаматтарға арналған үкімет» Түркістан облысы филиалында маман, ұлы Нұрсейіт жеке кәсіпкер. Немере жиендер де жоғары оқу орындарында білім алып, тиісті оқуы бойынша қызмет етуде.

Ғылым-білімнің тереңіне сүңгіп, білім көкжиегін кеңейтуге барын салған ұстаздың еңбек жолы жастарға үлгі боларлық. Осынау қажырлы еңбегі үшін де апайдың республика-лық аналар энциклопедиясына енгенін қуанышпен жеткізгіміз келеді. Жастарға үлгі-өнегесін аямайтын, білім мен тәрбие жолында қайрат беретін аналарымызға ұзақ ғұмыр тілей отырып, әлі талай жастың тәрбиеленуіне үлес қосатынына мол сенім білдіреміз.

Н.ИМАНҚҰЛОВА.

 

 

 

Алдыңғы мақала

САУРАН: ҰСТАЗДАР ЖАНҰЯСЫ АТАНҒАН АБЗАЛ ЖАНДАР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӨМІР САБАҒЫН ТҮСІНДІРГЕН ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ӨМІР САБАҒЫН ТҮСІНДІРГЕН ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ

ӨМІР САБАҒЫН ТҮСІНДІРГЕН ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.