ОҚУШЫЛАРДЫ КӘСІПКЕ БАУЛУ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 1 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ОҚУШЫЛАРДЫ КӘСІПКЕ БАУЛУ

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
ОҚУШЫЛАРДЫ КӘСІПКЕ БАУЛУ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Бүгінгі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген.
Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.
Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шаштараз-стилист» кәсібінің оқушыларын кәсіпке бағыттау, ақпараттық насихатту мақсатында орталықта орналасқан «Альфия» және «Мухаббат» әсемдік салондарына өндірістік саяхатқа апарды. Ондағы шеберлер шебер-сыныптар көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын оятып, кәсіптің ерекшелігімен таныстырды.
Мамандықтың жақсы-жаманы болмайтынын, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттап, еңбек қоғамын құру, жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрін жалғастыру, ерте жастан еңбектенуге машықтандыру мақсатында Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тракторшы — машинист» кәсібі оқушыларына ауданның ауыл шаруашылығы саласында ерен еңбек етіп жүрген ел ағалары, азаматтары «Манкент» ПК инженер механигі А.Мамедов, Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі А.Асетовты шақырып «Еңбегі ерен жас өрен» жобасы аясында «Еңбек адамы – ел мақтанышы» тақырыбында кездесу өтті.
Қаржының көзі қалада ғана емес, далада да тұр. Мал шаруашылығы және егін – елдегі ауыл шаруашылығын қамтитын екі сала. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бірінші кезекте тұратын салалар. Осы бағытта білім алып, үйреніп, ерінбей еңбек еткен адамға — табыс көзі осында, деп еңбек жолына қалай келгені, қандай қиындықтарды жеңгені, нәтижесінде қол жеткізген жетістіктері жөнінде айтқан әңгімелерін жастар ұйып тыңдады. Жастарға адал еңбек етуді дәріптеді.
Астың дәмін келтіретін тұз болса, екеуінің де дәмін келтіретін – білгір аспаз. Аспаздық – өз алдына бір сала, мамандық. Өнердің түрі көп. Дегенмен астың қадірін білу, дәмін сезіну, адамға тағам арқылы қуаныш сыйлай білу – басқа дүние.
Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет екені даусыз. Бірақ Аспаз деген өте жоғары дәрежелі, шығармашылықпен айналысатын мамандық. мамандықтың қиындығы сонда, аспаздықты тек қана оқу арқылы игеріп кете алмайсыз, оған адамның бойында осы керемет мамандыққа деген бейім, қызығушылығы және дарыны болуы керек.
Аспаздық бұл нағыз өнер, қалай тамақты дәмді және әдемі етіп жасау қолдан келе бермейтін дүние және бұл шығармашылық, қандай-да бір шамада тіпті ғылым. Әлемде тағам әзірлеудің көптеген түрлі-түрлі рецепттері, тәсілдері мен әдістері бар. Әрбір ұлт өз талғамы, тұрғылықты жері мен салт-дәстүріне қарай ас әзірлеу технологиясын түрліше қолданады. Аспаздық технология деп — белгілі бір жиынтық және ережелер бойынша ұсынылатын тамақ дайындауды айтамыз. Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аспаз» кәсібі мұғалімі Жібек Усипова 11 сынып оқушыларымен шығыстың «Хан палау» тағамын дайындады. Тәжірибелік сабақ барысында оқушылар тағамды дайындау технологиясының өңдеу тәсілдерінен бастап қуыру, пісіру, рәсімдеу, ұсыну әдістерін меңгерді.
Алдыңғы мақала

КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӨНЕРЛІ ҰСТАЗЫМЫЗ ӨРЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ӨНЕРЛІ ҰСТАЗЫМЫЗ ӨРЛЕДІ

ӨНЕРЛІ ҰСТАЗЫМЫЗ ӨРЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.