САУРАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ КІТАП ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 28 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

САУРАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ КІТАП ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
САУРАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ КІТАП ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
САУРАН: 50-ГЕ ЖУЫҚ КІТАП ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты мектеп кітапханалары 2023-2024 оқу жылынды жаңа кітаптармен толықты. Баспадан жуырда басылып шыққан 50-ге жуық кітап бүгін оқырман назарына ұсынылды.
Жаңа кітаптар арасында әр түрлі жас тобындағы балаларға арналған оқулықтар, 4Д форматтағы ертегілер жинағы бар. Сондай- ақ әлемдік бестселлер саналатын Жоан Роулингтың «Гарри Поттер мен жасырын бөлме» және «Гравити Фолз» сынды көптеген әлемдік әдебиеттердің қазақ тіліндегі аудармалары кітапхана сөресін толықтырды.
Айта кету керек, жаңа түскен кітаптардың басым бөлігін психологиялық, мотивациялық жанрдағы шығармалар құрайды. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, бұған осы сарынды шығармаларға оқырмандардың сұранысы артқандығы себеп.
Нақтырақ айтсақ, шелделдік классиктердің аудармалары, ертегі кітаптар, қазақ әдебиеттерімен — 3,060 дана көркем әдебиеттермен толықтырылды. Осы келген көркем әдебиеттермен әрбір мектептерде мектеп кітапханашылары көрмелер ұйымдастырып, кітаптармен таныстырылымдар өткізілуде.
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ 30-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТТЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы кезекті азаматтық қабылдау өткізді. Басшымен өз мәселесін айтып, 30-ға жуық азамат кездесті.
Азаматтық қабылдауға жеке мәселелері бойынша бірқатар қала және ауылдық округтерден тұрғындар келіп, жауапты мамандармен тілдесті.
Халықтың көмек сұрап келгендегі көтерген мәселелерінің басым бөлігі: Кәмәлет жасқа толмаған балаға әлеуметтік көмек, қаржы, балабақша, кадр мен жұмыс мәселелері туралы бірқатар сауалдарын қойды. Азаматтық қабылдауға келгелгендер қатарында тың жобасын таныстырып, ұсыныс-тілек білдіргендер де бар.
Басқарма басшысы, қоғамдық қабылдауға келген басқа да азаматтардың өтінішітерін бақылауына алып, шешілу жолдарын қарастыратындығын атап өтті.
Айта кетейік, Білім басқармасы басшының жеке қабылдауы айына 2 рет бейсенбі күндері, сағат 16:00-ден басталады. Жеке қабылдау бойынша +7 (72533) 5-94-10 нөміріне алдын ала жазылып, тіркелсеңіз болады. Жауапты хатшы кері байланыс орнатып, нақты қай күні болатынын алдын-ала ескертеді.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШЕДІ
Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есепті пилоттық жобада іске асыру бойынша жиын өтті. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы басты назарға ұстап, екі компания өкілдерімен кездесті. Басқарма басшысының төрағалығымен жобаларды іске асыру бойынша талқылау өткізілді.
Жиынға басқармадағы жауапты бөлім мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы мен ҚР Сыбайлас жемкорлыққа карсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің директоры Серік Батырханұлы, Жаңбырбай Айдар Муханұлы “Азия Сервис” ЖШС-і директор орынбасары қатысты.
Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудан/қалалық білім бөлімдері Азия сервис және фаворит мамандары тестдрайвер өткізілуін тапсырды. Алдағы уақытта атылмыш пилоттық жобадағы бұлтты бухгалтерия бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіледі. Білім ұяларына барып сандық жүйенің ерекшелегі мен қателері бойынша шолу жасалынады. Мамандарға түсіндіру жұмыстары да жалғасады. Жауапты қызметкерлермен есепшілер бас қосып, жобаның оң тұстарын біріге талқылайды.
Айта кетейік, “1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесі — білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша және қаржылық операцияларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады.
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Тікелей эфирде білім беру ұйымдарының басшылары лауазымының бос орындарына жариялаған конкурс өтті.”Әңгімелесу” кезеңінде 25 білім мекемесіне 35 үміткер қатысып, бақ сынады. Комиссияның хаттамалық шешімімен 16 білім ордасына директор анықталды. Қалған 9 мекеменің басшылық лауазымына комиссияның оң қорытынды алмауына байланысты анықталмады. Білім басқармасының тағайындау комиссиясының құрамы 40%-ға жаңарғанын хабарлаймыз.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта, тиехникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкусртық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білім бері ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21-ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына (Бұдан әрі-Бұйрық) сәйкес конкурстық негізде жүргізілді. Конкурстың әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жасалынды. Және үміткерлерден тікелей көрсетілім жасауға келісім алынды.
Бұйрықтың ережесіне сәйкес комиссия құрылды. Сонымен қатар, жарияланымда әңгімелесу кезеңіне-байқаушылардың қатысуға болатындығы ескертілді.
Айта кетерлігі, бұйрықтың талабына сәйкес үміткерлер «Әңгімелесу» кезеңіне дейін конкурс кезеңдерінен өткен (Құжат тіркелу кезеңі, тест, қамқоршылық кеңестен келісім алу кезеңі).
ТӨЛЕБИДЕ 14 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚОСЫМША БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында: «Әрбір тілек білдірген балаға спорт секциясына немесе шығармашылық үйірмеге тегін қатысуға мүмкіндік беріледі» деген болатын.
Мемлекет басшысының балаларды қосымша біліммен қамту жөніндегі тапсырмасы Төлеби ауданында өз деңгейінде орындалуда. Бүгінгі таңда ауданда білім бөліміне қарасты бес қосымша білім беру мекемесі бар. Аудандық оқушылар үйінде түрлі бағыт бойынша жұмыс істеп тұрған 42 үйірмеге 1355 білім алушы қатысып жүр. Ал аудандық және Ленгір қалалық саз мектебінде 702 оқушыға білім берілуде.
Аудандық көркемсурет мектебінде 278 оқушы білім алуда. «FABLab» кабинетінің үйірме сабақтарына 30 бала қатысуда. Мектеп үйірмелеріне қатысушылардың саны 12 мың 101.
Аудандағы қосымша білім беру мекемелерінің мәселесі шешілуде. Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Аудандық музыка мектебінің қосымша ғимаратының құрылысы қолға алынған.
«WORLDSKILLS» ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ КҮНДЕЛІГІ:
«WorldSkills Kazakhstan -2023» ұлттық чемпионатына санаулы күндер қалды. Түркістан облысы биылғы чемпионатта 29 құзыреттілік бойынша бәйгеге түспек. Соның ішінде 7 құзыреттілік бойынша Кентау көпсалалы колледжінің студенттері чемпионатқа қызу дайындық үстінде.
Колледж 2016 жылдан бастап облыстық чемпионаттан топ жарып, республикалық чемпионатта биіктен көрініп жүр. Содан бері жинаған мол тәжірибенің арқасында бүгінгі таңда қоржынын түрлі жетістіктермен толтырған. Өткен жылдарға көз жүгіртсек, қазіргі өндірістік оқу аға шебері Тәліпхан Мақсат Талғатұлы «Сырлау және әрлеу» құзыреттілігі бойынша Республикалық «Worldskills — 2019» чемпионатының алтын медаль, «Eurasia — 2020» чемпионатының қола, «Eurasia -2021» таратылған чемпионатының қола медаль иегері.
Мамбаев Еркебулан Маделиевич «WorldSkills Kazakhstan -2021» чемпионатында 3 орын жулдегері. Қазіргі таңда Кентау көпсалалы колледжінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істейді. Рамбердиев Сағи «WorldSkills Kazakhstan -2022» республикалық чемпионат «Сырлау әрілеу» құзыреттілігінен үздік медальон иегері. Утегенов Саят «WorldSkills Kazakhstan -2022» республикалық чемпионат «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша үздік медальон иегері.
Осындай жетістігі мол білім ордасының биылғы қатысушыларына да толағай табыс, алдағы чемпионатта сәттілік тілейміз!
Алдыңғы мақала

КЕЛЕСТІК МҰҒАЛІМ ОҚУШЫЛAРДЫ ХAЛЫҚAРAЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДAЙЫНДAУ ЖОЛДAРЫН ҰСЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Есірткісіз болашақ!

    Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.