Отырар ауданы Темір ауылындағы «Темір» жалпы білім беретін орта мектебі аумағынан күрес залы ашылды. Игі іске аудандық мәслихат депутаты Ардақ Әмзе мұрындық болған. Ұзақ уақыттан бері бос тұрған бұрынғы оқу ғимараты жөндеуден өтіп, күрес залы ретінде пайдалануға беріліп отыр.
Күрес залының ашылуына аудан әкімі Сәкен Асылханұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Аталған күрес залында 40 бала спортпен шұғылданады. Жеткіншектердің қол жеткізген жетістіктері де аз емес.
Мұнан соң Шәуілдір ауылы мен Көкмардан ауылын жалғайтын «Селкілдек көпір» маңында ашық спорт алаңы ашылып, ел игілігіне берілді. Онда балалардан бөлек ересектердің де дене жаттығуларын жасауына жағдай жасалған. Шарада аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жалғасбай Көлбай халықтың тілегін орындап, демеушілік жасап, елдің алғысын алып жүрген халық қалаулылары мен ел азаматтарына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.