Түркістан облысы білім басқармасында білім беру ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі, пилоттық жобаның маңыздылығын талқылау жұмыстары жалғасын тапты.
Жиынға басқарма басшысының жауапты орынбасары Бауыржан Талғатұлы төрағалық етіп, басқармадағы жауапты мамандар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесінің және “Азия Сервис” ЖШС-і мекемелерінің өкілдері қатысты.
“1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйелерінің қолданыста көру жұмыстарын пысықтау үшін білім бөлімі тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Компаниялар тарапынан үйретушілер санының аздығы, жұмысты тежеп отыр дейді мамандар.
Есептеу жүйесін ашық режимде қамтамасыз ете алатын бастаманы көру үшін алдағы аптада Түлкібас пен Төлеби аудандарының білім бөлімдерінің жаңа сандық жүйені қаншалықты үйренгені пысықталады.
Әр аптада аталған қос компания өкілдері атқарылған жұмыстар легімен хабардар етіп отырады. Бұдан бөлек, әріптестер тарапынан ұсыныстар мен пікірлер де айтылды. Жиын соңында қозғалған және жүктелген мәселелерді тиісті мандардың орындалуы тапсырылды.
Айта кетерлігі, “1С” бағдарламасы мен “Фаворит” бухгалтерлік есеп жүйесі — білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша және қаржылық операцияларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады.