Түлкібас ауданы Майтөбе ауылы Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 24 қараша күні Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының «Білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы әдістемелік десант ұйымдастырылды. Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының директорлары мен кәсіби бағдар беруші педагогтарына әдістемелік көмек көрсетті.
Әдістемелік десантты Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Жунисова Назым Досжанқызы, кафедра әдіскерлері Байдарбекова Эльмира Садуқызы, Тлеулиев Самат Пернебайұлы жүргізді.
Аталған іс-шараны Білім беруді дамыту орталығының «Инновациялық және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының меңгерушісі Назым Досжанова ашып беріп, әдістемелік десантқа қатысушыларды десант бағдарламасымен, жұмыс жоспарымен, негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Бүгінгі өткізілген әдістемелік десанттың мақсаты:
• Түлкібас ауданы көлемінде білім беру басшылары мен кәсіби бағдар беруші педагогтердің білім беру жүйесіндегі инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстарының әдістемесін жетілдіру;
• оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеу;
• шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері;
• педагогикалық жұмыстарының құзыреттілігін дамыту;
• оқу әдістемесін жетілдіру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру;
• кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Мектеп директорлары секциясына кіріс диагностикасы бойынша Назым Досжанқызы форма «Google» сабағын, «Мектепішілік басқару мен бақылаудың маңыздылығы» бойынша оқыту семинарын, STEM-білім беру саласының жаңа тренді бойынша семинар-презентация өтті. Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы Самат Пернебайұлы ақпараттық семинар, оқыту семинарын , түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кафедра әдіскері Эльмира Садуқызы «Кәсіби бағдар беруші педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу» коучинг сабағын, «Мамандық пен университет таңдаудағы негізгі қағидалар мен қадамдар» презентациясы, фасилитация алаңы ұйымдастырылып тренинг, коучинг, форма «Google» сабағы өткізілді. Аудандық АӘД бөлімінің әдіскерлеріне жеке кеңес беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Бүгінгі өткізілген әдістемелік десант өз деңгейінде өтіп, тиімді кері байланыс орнатылды. Аудандағы білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарының құрылуы және атқарылған жұмыстары туралы ақпарат алып, ұсыныстар берілді. Берілген ұсыныстарды талдап, әдістемелік көмек беру жолдары жоспарланды.