Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы еліміз бойынша сәтті іске асуда.
Осы орайда айта кеткен жөн, Президентіміз сайлауалды бағдарламасында елдегі білім саласына ерекше назар аударды.
Білім беру саласы бойынша қалада 38 мектеп, 2 колледж, 1 балалар үйі, 57 мектепке дейінгі, 2 қосымша білім беру ұйымдары бар.
Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңға жуық бала қамтылған.
Биылғы жылы Арыс қаласында білім саласы бойынша оң өзгерістер орын алуда. Яғни бастауыш 1-4 сынып оқушылар (6879 бала) толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қаламызда «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы іске асырылуда.
Биылғы жылы Тараз тұрғын ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы Наурыз тұрғын ауданында 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілетін болады.
Білім күні қарсаңында М.Әуезов мектебінде 200 орындық қосымша корпусының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Отырар тұрғын ауданынан 600 орындық мектептің, және И.Журба мектебінде 300 орындық қосымша корпустардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Білім саласы бойынша мектеп жетіспеушілігі мәселесі толық шешілмек.
Білім саласындағы жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстардың барлығы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес іске асып жатқан жұмыстар десек артық айтқандық емес.
Партияның басты мақсаты — әрбір азаматтың құқығы қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру.
Партияның өзгеріске ұмтылуы қоғамның негізгі сұраныстарына – адалдық пен әділдікке, тиімділік пен жауапкершілікке, жеделдік пен ашықтыққа негізделген.
«Жаңа Қазақстанды» жаңарған партиямен құру жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын!
С.А.Дәуренбеков
Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған «Б.Момышұлы» бастауыш партия ұйымының төрағасы.