«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 25 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

ais_media ais_media
01.12.2023
Аймақ
0
«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ
Жетісай ауданына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы 48 жалпы білім беретін мектебінде қазақ ғылымының атасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың «Дархан даланың дара тұлғасы» атты бұрыштың ашылу салтанаты болды.
Өз елі, оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Қаныш Сәтбаев — аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті академик, ұлы геолог, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері.
Биыл Республика бойынша Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өту үшін қызу дайындық басталып кетті. Ғалымның әрбір өткен сара жолы біз үшін үлкен тарих. Сондықтан оның толассыз еңбектерін қазақ еліне ғана емес бүкіл әлемге паш ете білу керек. Біз қазақ елі осындай ұлы тұлғаларымызбен мақтанамыз!
Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа өнеге-үлгі. «Еліміздің өркендеуі үшін Қаныш атамыздай қайраткер тұлғаларды тәрбиелеп шығару қазіргі таңдағы басты мақсаттарымыздың бірі» дейді, аталған білім ордасының ұстаздар қауымы.
«ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
2023 жылдың 27 қараша күні Түркістан қаласы, «Балалар мен жас өспірімдер орталығы» базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты — жалпы орта білімді жүзеге асыратын, қосымша білім беру педагогтарының, үйірме жетекшілерінің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, қосымша білім беру процесінде баланың ынтасы мен шабытына жете көңіл бөлу, үйірме жұмысының жандануы мен өркендеуінің маңыздылығын анықтау. Сонымен қоса, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және шығармашылық потенциалын ашу, үйірме жетекшілерінің кәсіби тұрғыда өз біліктілігін анықтауға жағдай жасау, үздік жаңашыл үйірме жетекшісін іріктеу.
Талантты, шығармашыл, ізденімпаз педагогты анықтай отырып әділқазылар бағалау критерийі бойынша балдық мөлшерде төмендегіше бағалады.
Шорабекова Айша Бақытжанқызы (Жетісай ауданы) — бас жүлде;
Бәйгебаев Айдар Алижанұлы (Созақ ауданы) — І орын;
Алдиарова Айша Қажымұқанқызы (Мақтаарал ауданы) — ІІ орын;
Өте Жанна (Отырар ауданы) — ІІ орын;
Мырзабаева Эльмира Боранқызы (Ордабасы ауданы) — ІІІ орын;
Айтжан Балнұр Есенқосқызы (Қазығұрт ауданы) — ІІІ орын;
Сапидуллаев Ұлықбек Махмұджанұлы (Сауран ауданы) — ІІІ орындарға ие болды.
Сондай-ақ, белсенді қатысушылар арнайы алғысхаттармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
«ТӘУЕЛСІЗДІК МӘҢГІ БОЛСЫН ТҰҒЫРЫҢ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «№8 В.Комаров атындағы орта білім беретін мектебінде жас пікірсайысшыларды тәрбилеу, сөз құдіретін бағалау, сөз додасының қыр-сырын еркін меңгеру, білім беру ұйымдары арасында 2023-2024 оқу жылына арналған пікірсайыс қозғалысын дамытудың өңірлік жоспарын іске асыру мақсатында «Зияткер» дебат клубының жетекшісі Назира Турлыбековнаның жетекшілігімен «Тәуелсіздік мәңгі болсын тұғырың» атты облыстық пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі өтті. Мектепішілік турнир Америкалық парламенттік формат бойынша (АПФ) өтті.
Пікірсайыс кезеңде 8-11 сыныптар арасынан 4 команда сөз додасында бақ сынады. Дебатқа: «Османы», «Зияткер», «Аманат», «Алаш» командалары жартылай ширек финалда пікірсайыс алаңында додаға түссе, финалда «Аманат» пен «Алаш» командалары өзара тартысқа түсті.
Дебат қорытындысы бойынша «Аманат» командасы жеңіске жетті.
САУРАН: «ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ» БАЙҚАУЫНДА ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Түркістан қаласы, «Балалар мен жас өспірімдер орталығы» базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған атты облыстық байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты:
— жалпы орта білімді жүзеге асыратын, қосымша білім беру педагогтарының, үйірме жетекшілерінің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, қосымша білім беру процесінде баланың ынтасы мен шабытына жете көңіл бөлу, үйірме жұмысының жандануы мен өркендеуінің маңыздылығын анықтау;
— шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және шығармашылық потенциалын ашу;
— үйірме жетекшілерінің кәсіби тұрғыда өз біліктілігін анықтауға жағдай жасау, үздік жаңашыл үйірме жетекшісін іріктеу.
Әділқазылар бағалау критерийі бойынша балдық мөлшерде бағалап, талантты, шығармашыл, ізденімпаз педагогтарды анықтады.
Сондай белсенді қатысушылар қатарынан Сауран аудынына қарасты М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогі Сапидуллаев Улугбек дараланып, ІІІ орынға ие болды.
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАС МАМАНДАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Отырар ауданы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат базасында «Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында жас мамандар форумы өтті. Жас мамандардың педагог мәртебесін арттыру, жастардың кәсіби деңгейін көтеру, сабақты жоспарлаудың күшті және әлсіз жақтарын, саралау тәсілдерін, формативті бағалау, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану мен жас ұстаздардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілген форумның әсері ерекше.
Форумның басты міндет-мақсаттары: жас педагогтарды қолдау, осы салаға сұранысты арттыру және шығармашылығын шыңдау, зияткерлік пен кәсіби қызметтің жаңа түрлеріне ынталандыру. Сондай-ақ, білім саласындағы талантты да, талапты жастарды және кәсіби мамандарды бір арнаға тоғыстыру болып табылады.
Форум барысында педагогикалық тәжірибе аламасумен қатар, инновациялық идеялар да айтылды. Аталған форумда жас педагогтер дуэт сабақтар өткізіп, коучинг пен шебер сыныптарға қатысып, әдістемелік әдіс-тәсілдер игерді.
АРЫСТА САДЫҚБЕК АДАМБЕКОВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде көрнекті жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің кенже саласы сатираның бағын ашқан даңқты сатирик С.Адамбековті екінші ғасырға аяқ басқан жасына орай «Күлкінің күміс күмбезі» тақырыбында 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен еске алу әдеби кеші өткізілді. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұйымдастырды.
Мақсаты: Ардақты атамыздың көркем дүниелері мен еңбектерін білім алушылардың жадында сақтауға, жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейтіндігін ұғындыру.
Жазушының қаламынан туған бірнеше шығармалары бар.
Атап айтар болсақ «Қырманға кел, қалқатай», «Маржанқыз» әндері де сахнада өз тыңдарманын тапқан туындылар. Осы әндерін 8 «А»сынып оқушысы Жаңабай Шапағат орындаса, өзге қатысушылар жазушыға арнаған шығармалары мен естеліктерін орындады.
Кеш қонақтары қатысушылар мен ұйымдастырушы ұстаздарға алғыстарын білдіріп, Садықбек Адамбековтің ізін жалғастырушы ұрпақтары бар екеніне тағы бір көз жеткізді.
«ЖАСТАР LIFE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар Life» жобасы аясында Сауран ауданы, Шорнақ ауылында аудандық көрме өтті.
Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — ауыл жастарының біркүндік тыныс-тіршілігі және салт-дәстүрімізді дәріптеу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың ауыл өміріне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Жоба аясында іс-шараға 12 ауылдық округ өз үлестерін қосты. Соның ішінде Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылының «Мектеп Жана Икан» ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінің ұжымы да игі бастаманы қолдады.
Аталған білім ордасының ұйымдастырушы-педагогі Гүлжазира Аңламасова бастаған мектептің жас мамандары іс-шараға белсене қатысып, өздерінің төл туындыларын көпшілікке таныстырып, қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарды ұсынды.
Атап айтсақ: Ш.Султанмуратова, М.Дадашова, Ш.Ташпулатов, Ю.Вахидова, И.Сапаев, М.Әсетов, Д.Нишанбаева, Ұ.Масақбай.
Іс-шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жастар Life» жобасының гала концертімен қорытындыланды.
Алдыңғы мақала

ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

СЕМИНАР: «БАЛА БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛУ – ТӘЛІМДІ ТӘРБИЕДЕН»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
СЕМИНАР: «БАЛА БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛУ – ТӘЛІМДІ ТӘРБИЕДЕН»

СЕМИНАР: «БАЛА БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛУ – ТӘЛІМДІ ТӘРБИЕДЕН»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.