ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 25 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ais_media ais_media
01.12.2023
Аймақ
0
ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
БӨЛІСУ
41
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Ордабасы ауданының білім бөлімі «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны бойынша «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізді. Жиынға мектеп басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп педагог-психологы, мектептің әлеуметтік педагогы, мен ата-аналар қатысты.
Аталған іс-шараға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, полиция бөлімінің басшысы Ғ.Қуашбаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ж.Орынбаев, ата-аналар комитетінің төрағасы Ш.Азімбаева, -«Игілік» қоғамдық қорының жетекшісі Қ.Бақытұлы қатысып, білім бөлімінің басшысы Нурабаева Шұға Тұрмаханбетқызы жүргізіп отырды. Келген қонақтар сөз алып тақырыпға кеңінен талдау жасады. «Ашық микрофон» айдарымен сұрақ-жауап жүргізіліп, қатысушылар көкейде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарына жауаптар алды.
Ордабасы ауданында «Үлгілі отбасы» Акпарова Жанар мен Сағынаева Нұргүл, қамқоршы ата-аналар Калмен Гульпатша, Шестакова Наталья, Әимбет Эльмира марапатталды.»Ақбастау» жалпы білім беретін мектептің музыка пән мұғалімі Сірнебай Рахат Оразәліұлы мен «Зерде» жалпы білім беретін мектептің музыка пән мұғалімі Перизат Әлхожа тамаша ән орындап, қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
Сайрам ауданы Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің арнайы пән оқытушысы және колледж әдіскері Исматуллаева Алия Мұратқызы Түркістан облысы колледждері арасында болып өткен облыстық “Үздік педагог-2023” байқауында облыстық кезеңінен өтіп, Астана қаласында өткен республикалық байқауда сабақ көрсетті. Алия Мұратқызы үшін бұл байқау педагогикалық тәжірибесінің шыңдалуына себеп болды.
Сабағында түрлі тәсілдерді қолданып, колледж студенттерінің естерінде қалатындай әсер қалдырды. Алия Исматуллаева өзінің білгір, кәсіби маман екенін тағы бір дәлелдеді. Ол педагогикалық озық тәжірибесін сабақта көрсете отырып, республикалық деңгейде бір қадам алға жылжыды. Білімі мен тәжірибесін қатар алып жүрген педагог үшін Астана қаласында педагогикалық шеберлігін көрсетудің өзі ұмытылмас сәт, үлкен тәжірибе.
«ТӘУЕЛСІЗДІК МӘҢГІ БОЛСЫН ТҰҒЫРЫҢ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «№8 В.Комаров атындағы орта білім беретін мектебінде жас пікірсайысшыларды тәрбилеу, сөз құдіретін бағалау, сөз додасының қыр-сырын еркін меңгеру, білім беру ұйымдары арасында 2023-2024 оқу жылына арналған пікірсайыс қозғалысын дамытудың өңірлік жоспарын іске асыру мақсатында «Зияткер» дебат клубының жетекшісі Назира Турлыбековнаның жетекшілігімен «Тәуелсіздік мәңгі болсын тұғырың» атты облыстық пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі өтті. Мектепішілік турнир Америкалық парламенттік формат бойынша (АПФ) өтті.
Пікірсайыс кезеңде 8-11 сыныптар арасынан 4 команда сөз додасында бақ сынады. Дебатқа: «Османы», «Зияткер», «Аманат», «Алаш» командалары жартылай ширек финалда пікірсайыс алаңында додаға түссе, финалда «Аманат» пен «Алаш» командалары өзара тартысқа түсті.
Дебат қорытындысы бойынша «Аманат» командасы жеңіске жетті.
ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ӨТУДЕ
Кезекті әдістемелік десанты 2023 жылы 27-28 қараша күндері Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты ұйым басшылары мен педагогтеріне арналған «Пәндерді оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың әдістемесі» тақырыбында әдістемелік десант ұйымдастырылды.
Әдістемелік десант М.Өтемісұлы атындағы ЖББМ, «Қызылдихан» ЖББМ, «Болашақ» балабақшаларында өткізілуде.
Әдістемелік десанттың мақсаты:
— Қазығұрт ауданы білім беру ұйымдарының мұғалімдерін педагогикалық бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін объективті бағалауға;
— оқу үдерісін жетілдіру бойынша ақпараттық жұмыстар;
— әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізу.
Әдістемелік десантқа қатысушылар санаты: Қазығұрт ауданы білім бөлімінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, ӘБ жетекшілері, аудан педагогтері; мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері, тәрбиешілер.
Әдістемелік десант 27-28 қараша күндері өтуде. Екі күн бойы ауданның педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетіледі.
БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Шымкент қаласы «Jana dauir» мектеп-интернат базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Аудан мектептерінен 11 жұмыс облыстық кезеңге қорғауға жолдама алып қатысты. Нәтижесінде, Бәйдібек ауданынан екі оқушы жүлделі орынға ие болып, республикаға жолдама алды.
М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Досалы Дінмұхамед информатика секциясы бойынша І орын (жетекшісі Молдашова Майра), 10 сынып оқушысы Жұмағали Шерхан орыс тілі секциясы бойынша ІІ орын (жетекшісі Үсенбаева Гүлмира) иеленіп, аудан мерейін үстем етті.
АРЫС: МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗДІ
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Монтайтас жалпы білім беретін мектеп» базасында мектеп психологы Ақтоты Оразбаева 6 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг сабақ өтті. «Сен, мен және біз-бәріміз әлемді өзгертеміз!» деген ұранмен бастау алған сабақ шеңберінде жас ерекшеліктеріне сай, «Біз бақытты баламыз!» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Мақсат — оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, зорлық-зомбылыққа қарсы заң бар екенін түсіндіру, бұзақылық істерге бармауға тәрбиелеу және адами қасиеттерді сақтау, әдепті тұлға қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылармен «Балалық шақ зорлық-зомбылықсыз болу үшін не керек?» тақырыбында сауалнама алынып, «Бала құқығы» ағашын жасады. Мектеп психологы зорлық-зомбылықтың түрлері және алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын түсіндіріп өтті. Оқушылар «Тілек шамы» арқылы кері байланыс берді.
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Шолтаева Назира Мендебайқызының жылдық жоспарына сәйкес, А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында ағылшын тілі пәні педагогтерімен «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс — тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында пайдалану» тақырыбында оқыту семинары болып өтті.
Семинар мақсаты — оқу үдерісінде мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетуде тәлімгерлік жұмысты жетілдіріп, оқыту мен оқу сапасын жақсартуға ықпал ету.
«Ұстаз үздіксіз ізденгенде шәкірт жанына нұр құя алады»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай тәжірибе алмасу шеңберінде сабақ өткен педагогтер практикалық жұмыстарды жұптық жұмыс түрінде, диалогтық оқу үдерісінде, жаңа формация педагогінің кәсіби түсінігін, тәжірибелік дағдыларын, оқытудың сапалы және табысты әдістерін қолдануда шеберліктерімен бөлісті.
САЙЫС САБАҚ
2023-2024 оқу жылында Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасының бастауыш сынып мұғалімі Бағила Жолдасбаева сыныптан тыс «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру. Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру. Өзін — өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.
Білікті ұстаз сайыс сабақ барысында ой ширату, бәрін білгім келеді, кім тапқыр әдіс-тәсілдерін пайдаланды.
Нәтижесінде оқушылардың білімге деген қызығушылықтары артып, өздерінің тапқыр, ізденімпаз, бір-біріне деген адамгершілік қасиеттері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Алдыңғы мақала

СЕМИНАР: «МАҚСАТТЫ ДҰРЫС ҚОЮ — САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІК КЕПІЛІ»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

«ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.