Қазығұрт ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Б.Құдайназаров атындағы негізгі білім беретін мектебінде «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар өтті.
Мақсат — оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың ерекшелігін білу, үйрену, маңыздылығына көз жеткізу. Семинарды мектеп директоры Қ.Беркимбаев және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Шерова Ақтолқын Жақсылыққызы ашып берді.
Психологиялық сергіту сәтін құрған мектеп психологы Р.Тугелбаева, «Ұлттық білім беру деректер қоры» базасында жұмыс жүргізу тақырыбы бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Мауленов, «Bilimclass.kz» платформасында мұғалім мен сынып жетекшілік тарапынан жүргізілетін жұмыс тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Букеева, «Mektep.snation.kz» платформасында 1-сыныпқа қабылдау жүйесі бойынша бастауыш мұғалімі Г.Оңғарбаева, «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану» коучинг сабақты математика пәні мұғалімі С.Алимова, химия пәні мұғалімі А.Оскенбаева, бастауыш пәні мұғалімі Г.Тулбасиева өткізді.
Семинар өз деңгейінде өтті.