Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
СЕМИНАР: «БАЛА БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛУ – ТӘЛІМДІ ТӘРБИЕДЕН»
Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», — деп халық даналығы айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, сөз жоқ әкенің отбасындағы тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір саналы әкенің борышы.
Тәрбиенiң бiртұтастығын сақтау, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт тағдыры әр азаматтың қолында екенін ұмытпаған жөн. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу және оны сақтаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында Сауран ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Әкелер мектебі» мен «Даналық мектебінің» жұмыс жоспарына сәйкес «Бала болашағы жарқын болу — тәлімді тәрбиеден» атты аудандық семинар-тренингтер, шеберлік сабақтары өтті.
Семинарда Сауран ауданы білім бөліміне қарасты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Әкелер мектебінің» мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ыбыханұлы, Әкелер мектебінің төрағасы Жұмағали Оңдыбайұлы отбасындағы әкелерді отбасының ұйытқысы, берекесі, тірегі екендігін ерекше атап өтті.
Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан», деп бекер айтпаған.
Қорыта айтқанда, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының ажырамас бір бөлігі болуы тиіс.
ШАРДАРА: АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Шардара аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп базасында «Бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсат — білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық і- әрекетке қабілетін арттыру.
Семинарға Шымкент қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» кәсіби даму институты филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Лаззат Әмзеқызы және Гульзира Бахытбекқызы, аудан білім бөлімінің әдіскері Гульжан Турлыбекқызы және аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында мұғалімдер оқушыларға жаңа əдіс-тəсілдердің тиімділігін сабақ сәтінде көрсете білді. Оқушылармен өз бетінше жеке, топтық, қосымша ресурстармен жұмыс жүргізілді.
Семинар соңында сөз алған Гульзира Бахытбекқызы мен Лаззат Әмзеқызы өтілген сабақ барысындағы қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігін, сабақ сәтінде білім алушылардың баллдық бағамен бағалау нәтижесінде жоғары дәрежеде өтілгендігі туралы айтылды. Семинарға қатысушы педагогтер тәжірибе алмаса отырып, кері байланыс берілді.
МАҚТААРАЛДАҒЫ БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен №50 Үлгілі жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келген басқарма басшысы күрделі жөндеуден өткізу керектігін айтты. 1976 жылы пайдалануға бергеннен бері, күрделі жөндеу көрмеген білім ордасының терезелері ескі, ағаш терезелер. Салқын кірмесін деп тіпті күлеңке қағып қойған. Зерделеу жұмысын қосымша жүргізіп, күрделі жөндеуге сұраныс болса беру керектігін тапсырды. Модульді әжетханамен қамтамасыз етілген. Бұл мәселе де күрделі жөндеу жұмыстары арқылы шешімін табады дейді Ғалымжан Сұлтанбекұлы.
Ал ауданмен аттас №5 Мақтаарал гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп гимназиясы да 1976 жылы қолданысқа берілген. Бұл білім ордасындағы терезелер де ескірген. Алайда қазіргі таңда 70% жаңарған. Қалған жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Спортзалдың жағдай жарамды, десе де жөндеуді қажет етеді. Асханасында бір мезетте 160 бала тамақтана алады. Білім ұясында 635 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Олар кестеге сәйкес әртүрлі легпен келіп тамақтанады. Білім мекемесін толық аралап, жұмысымен танысқан Ғалымжан Сұлтанбекұлы күрделі жөндеуге сұраныс беру керектігін тапсырды.
Мақтааралдағы сапар соңында басқарма басшысы Қасым Қайсенов атындағы №51 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесін көрді. 3 корпустан тұратын мектептің жаңа блогы 2019 жылы берілген. Ал, ескі корпусы 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қауіпсіздігі жүйесі қалыпты жағдайда. Қоршауы, арнайы күзет пен бейнебақылау, дабыл батырмасы іске қосылған. Бір мезгілде 341 оқушы оқу- тәрбие алады.
«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІ КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және Түркістан облысының білім басқармасы, «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасаттылық пен адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер мектебі клубтарының облыстық слеті болып өтті.
Түркістан қаласы, №28 мектеп-лицейінің базасында өткізілген слеттің ашылу салтанатында Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы, Түркістан облысы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы құттықтау сөз сөйлеп, жалынды жастарға сәттілік тіледі.
Слетке жалпы білім беретін ұйымдардың 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының 10 мүшесі және 1 әскери жетекшісі қатысты.
Слет жеңімпаздары дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Слет жеңімпаздарын дайындаған жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
ОТЫРАР: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында жаратылыстану пәндерінің «Рухани құндылықтарды дамытуда жаратылыстану пәндерін интеграциялаудың тиімділігі» тақырыбы аясында жаратылыстану пәндерінің аудандық семинары өткізілді.
Аудандық семинарда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберліктерін, пәнаралық байланыстарын арттыру, жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін дамыту, әдіс-тәжірибе алмасу жұмыстарын жетілдіру мақсаты қойылды.
Жоспарға сәйкес, П.Айтменов мектебінен физика пәнінің мұғалімі Б.Абсалиева, Т.Ибрагимов мектебінен физика пәнінің мұғалімі Р.Саттарқұл, Абай мектебінен география пәнінің мұғалімі Р.Ибрагимова, М.Шаханов мектебінен физика пәнінің мұғалімі Ө.Мамырайымова, география пәнінің мұғалімдері К.Култаева мен Б. Нысанбаева жаңа әдістермен сабақ өткізді. Мектеп директорының бейінді орынбасары Д.Оспанов пен мінезгер Ж.Биімбетов ұстаздармен тренинг сабағында топтық жұмыс жүргізді. Сабақ барысында ұстаздар өзінің шеберлігін , ізденімпаздығын, жаңашылдығын көрсете білді.
Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Сол себептен ұстаздар «Learning», «Kahооt», «Wordwall» платформасы арқылы оқушылардың қызығушылығын оята білді.
Әдіскерлер З.Жақыпбекова мен Ж.Қалманова кіріктірілген сабақтар бір-бірімен ұштасуын, ұстаздардың ізденісте болғанын, саминар мақсаты өз деңгейіне жеткендігін сөз етті. Ұжымға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.