Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облысының 5 жылдығана орай «TURAN FEST» батпырауық фестивалі өткізілді.
Фестиваль мақсаты:
Түркістанның тарихи маңыздылығын, ұлттық құндылықтарын жас ұрпаққа насихаттау;
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру;
Ашық ауада өткізілетін іс-шараларды көбейтіп, балалар туризмінің дамуына үлес қосу;
Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Туризм туралы білімін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, қызығушылықтарын арттыру.
Түркістан облысының 5 жылдығана орай және ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұлттық нақыштағы салт-дәстүр кейіпкерлерінің шеруі өткізіліп, шеруге «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы және жетекшілер мен үйірмешілер қатысты.
Үйірмешілер фестиваль барысында батпырауық флешмобын билеп, батпырауық ұшырды. Ұлттық нақышта өткізілген шеруден кейін батпырауық фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасты.
Батпырауық фестиваліне қатысқан үйірмешілеріміз іс-шара соңында арнайы сыйлықтармен марапатталды.