Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Ұрпаққа аманат» жобалары аясында ата — бабаларымыздың салт — дәстүрін, әдет — ғұрпын жастардың санасына сіңіре отырып, жүректерінің төрінен орын алдыру мақсатында «Ата — баба дәстүрі — тәрбиенің бастауы» тақырыбында байқау өткізілді.
Бірінші кезекте ата – бабамыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын , екінші кезекте шешендік өнерде қазақ халқының би-шешендерінің өсиет сөздерін ,өресі биік қасиеттерін толыққанды көрініс арқылы көрсету.
Іс-шара барысында тәлімдік – тәрбиесі мол құнды дүниелерімізді сахнада көріп , қазақ халқының қаншалықты ұлылығы мен даналығына тағы да тәнті болып , ұлы халықтың ұрпағы екендігімізге көз жеткіздік. Ұлттық киім , сахна мәдениеті , бейне образын ашу , сөз мәнерінің талапқа сай шығуы , расында , ұстаз деген ұлы мамандықтың иесінен табылатыны сөзсіз. Күнделікті шәкірттерімен жұмыс жасап жүрген ұстаздар үшін бұл байқауда өзіндік шеберліктерін танытып, көрермендерін баурап алуы – қалыпты жағдай еді. Өйткені , бұл – ұстаз. Ұстаз қауымы тәрбие беруде мақсатқа жету үшін әнші де , театр актерлері бола алады.Сондықтан болар , бүгінгі байқауда ұстаздар қауымы нағыз сахна саңлақтары болып таныла білді.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі иеленді. І орын – қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі; ІІ орын – ағылшын пән бірлестігі ІІІ орын бастауыш пән бірлестігіне берілді. Өзге пән бірлестіктері Алғыс хатпен марапатталынды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Фазылов Ж. және әлеуметтік- педагог Э.Бүркітбаеваның демеушілігімен бағалы сыйлықтар тапсырылды.