Халық сенім артып, жұмыс істеуіне мүмкіндік берілген басшы, әрбір мемлекеттік қызметші, жалпы әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуі тиіс. Өйткені, сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін зиянды әрекет. Заңды бұзу, халық қазынасына қол салу – арсыздық қана емес, қылмыс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды» дей келе осы індетке қарсы күресті күшейтуді тапсырған болатын.
Түркістан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жобасына сәйкес, биылғы 31 наурыз — 16 мамыр аралығында облыстың 21 басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, ішкі талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағытына сәйкес, облыс аумағындағы 110 квазимемлекеттік сектор ұйымдары аталған жобаны іске асыруда. Квазимемлекеттік ұйымдардың облыстық басқармаларға тиесілісі – 83 болса, 27-сі аудан, қала әкімдіктеріне бағынысты мекемелер. Квазимемлекеттік сектор ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтарын бекітті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізуде.
Облыстағы 110 квазимемлекеттік сектор ұйымында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары биылғы 23 маусым — 7 тамыз аралығында жүргізіліп, ішкі талдау жұмыстарының нәтижесімен жалпы саны 407 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Жалпы анықталған 507 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шара жоспарларлы бекітіліп, соған енгізілген ұсынымдар толығымен орындалды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен 2026 жылға дейінгі әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары облыста іске асырылуда.
Облыста мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуға биыл 340-қа жуық мемлекеттік қызметші жіберілді. Тоқсан сайын облыс, аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиялардың отырыстары өткізілуде. Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның 3-ші тоқсандағы отырысы биылғы қыркүйек айында өткізілді. 4-ші тоқсандағы отырысын желтоқсанда өткізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе көптеген іс-шара атқарылуда. Мысалы, биылғы шілде айында аудан, қала әкімдері мен облыстық басқармалардың лауазымды тұлғалары ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№69 мекеме» республикалық түзеу мекемесіне барып, жай-күйімен танысты. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдары қандай болатынын көрді.
Аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың ғимараттарында «Азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін жинақтау жәшігі» мен ақпарат бұрышында «1424» сенім телефоны, жемқорлыққа қарсы үнпарақтар орнатылған.
Мемлекеттік қызмет, басшылық – елдің аманатын орындауға берілген мүмкіндік және аманат. Осыған адал болып, адал қызмет ету – міндет.
Д.САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының әкімі