Әлеуметтік желі арандатуға алып бармасын — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 11 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Әлеуметтік желі арандатуға алып бармасын

ais_media ais_media
20.01.2024
Қоғам
0
Әлеуметтік желі арандатуға алып бармасын
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Біреудің қажеттілігіне, біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған смартфон, әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігі болып қалды. Алайда, ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін дәстүрлі емес діни ағымдар да өз пайдаларына асыруда. Экстремистік және террористік ұйымдардың халыққа ақпарат арқылы өз істерін тұрақты насихаттауы бүгінде белең алып барады. 
Ең алдымен экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды әлі қалыптасып үлгермеген жастардың санасына ықпал ету үшін пайдаланады. Яғни олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен өмірге деген көзқарасы толық қалыптаспаған топтар болып табылады.
Діни сауаты төмен адамдардың діни ақпаратты ғаламтордан іздейтіндігі белгілі. Ал, мұндай адамның ақпарат тарату мәселесінде өте белсенді жұмыс жүргізетін радикалды ұйымдардың қармағына ілінуі әбден мүмкін. «Google» арқылы бір мәселені іздеген кезде радикалды бағытты ұстанатын ұйымдардың салған ақпараттарына кезігіп, олардың басшыларының бейне және аудио жазбаларын тыңдауы мүмкін. Олардың жазбаларында жиһадқа шақыру, шейіт болу секілді ұғымдардың бұрмаланған мағынасы беріліп, мұндай ақпараттар желі қолданушының санасына кері әсер етуі ықтимал. Мысалы, оларда парыздарды (намаз, ораза) орындамағандар кәпірге баланып, дәстүрлі ханафи мәзһабына қайшы ақпараттар беріледі. Ал, діни сауаты жеткіліксіз ізденуші мұндай сайттардағы дін тақырыбындағы барлық мәліметтер мен деректерді сол қалпында қабылдап, санасына сіңіреді.
Осы әлеуметтік желілер арқылы мұндай ұйымдар танымал хэштегтерді  алып, оның мазмұнына өз материалдарын көптеп орналастырады.
Бүгінгі таңда радикалды діни топтардың түрлі айла-тәсілдерді қолдану арқылы отандастарымызды өз қатарларына тарту фактілері аз емес. Қазақстанда орын алған лаңкестік актілерді талдаудың нәтижесі бойынша, лаңкестердің 55 пайызы – 29 жасқа дейінгі адамдар, 35 пайызы – 30-39 жас аралығындағы адамдар, ал, 10 пайызы – 40 жастан асқан адамдар екені анықталған.
Діни тақырыптар бойынша ғаламтордың отандық сегментіндегі қауымдастықтардың саны мен ерекшелігі туралы да айта кетейік.  «Вконтакте» және «Facebook» секілді әлеуметтік желілердегі ең белсенді топтардың шамамен 70%-ы дәстүрлі емес ислам идеологиясына қатысты екен. YouTube, Facebook, Instagram, Вконтакте, Twitter, Telegram сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың арасында да медиа порталдар арқылы мемлекеттік жүйені құлатуға тікелей және жасырын шақыру, қолданыстағы заңдарды, зайырлы этика мен мораль нормаларын мойындамау фактілері де кездеседі.
Сондай-ақ олар әлеуметтік желілерде жаңа таныстар іздеп тауып, оларды өз құрықтарына түсірудің тәсілдерін шебер қолданады. Әсіресе бұл әйел адамдарды арбауда сәтті іске асады. Себебі  жаратылыс тұрғысынан эмоцияға берілгіш қыздар ғаламтордағы желілер арқылы өздерін толғандырған мәселелерді, көңіл-күйлерін білдіріп отырады. Ғаламтор желісіндегі маманданған теріс пиғылды ағым мүшелері мұны өз пайдаларына жаратып, ондай қыздармен сыр бөлісу арқылы өздеріне жақындатып, құрбандарына айналдырады.
Теріс пиғылды ағымдардың кейбір сайттары халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Олар исламға арналған ақпараттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнінде халықтың дәстүрлі діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздеуі мүмкін.
Экстремистік және террористік ұйымдар жеке веб-сайттарын құрумен қатар порталдардағы, әлеуметтік желілердегі форумдарда да жұмыс жүргізеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер бүкіл әлемдік ғаламтордағы ең танымал қызмет түрі болып отыр. Статистика бойынша әлеуметтік желілерді ғаламтор қолданушыларының 90%-ы қолданады.
Діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына ғаламтор кеңістігі мен заманауи электрондық бағдарламалық қосымшалар, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы әсер етеді.
Соның салдарынан азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен төзімділік принциптері, құндылықтық бағыттары мен этикалық нормалары өзгеріске ұшырап, отбасына іріткі салу, қоғамның жікке бөліну қаупі туындауда.
Радикалды экстремистік идеологиялардың ықпалындағы діни ағым өкілдері қоғам мен мемлекетке қарсы зорлық-зомбылық актілерін ұйымдастыру және ұшқары әрекеттерді жүзеге асыруға дайын болатыны белгілі. Оған әлемнің әр жерінде орын алып отырған радикалды діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық іске баруы және лаңкестік әрекеттері дәлел.
Қоғамда радикалды діни идеялар туралы жүйелі және жоспарлы түрде ақпарат тарату террористер мен экстремистер өз қатарларына жаңа мүше тарту мақсатына бағытталған. Бұл әрекеттер әсіресе жастарға бағытталғаны да жасырын емес.
Сондықтан діни мәліметті, қажетті ақпаратты іздеген әрбір азамат шетелдік ғаламтор сайттарын пайдаланбай, өз еліміздегі kazislam.kz, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты muftyat.kz және онымен серіктес fatua.kz, azan.kz, muslim.kz, ummet.kz және т.б. секілді еліміздегі сенімді сайттарға жүгінгендері жөн.
Әсіресе әлеуметтік желілер жастар арасында  өте танымал. Көптеген жастар діни сауатын әлеуметтік желілер мен ғаламтордан ашып жатады. Ғаламтор желісінде жастарды оқыту, дәріс беру бойынша ислам ресурстары кеңінен таралған. Мәселен, «Вконтакте» әлеуметтік желісінен  «Ислам» сөзі сұранысы бойынша 8323 қауымдастық, «Құран» сөзі бойынша 172 қауымдастық,  «Сунна»  сөзі бойынша 11439 қауымдастық және т.б. ұқсас қауымдастықтар тіркелген.
Әлеуметтік желінің іздеу жүйесінде «ислам» сөзін терсеңіз, экстремистік мазмұндағы жүздеген бейнероликтер, оның ішінде деструктивті қозғалыс жетекшілерінің бейне хабарламаларына тап боласыз.
Дін туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден іздеу көбінесе деструктивті діни ағым өкілдерінің тұзағына түсу арқылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларын бұзуға алып барады.
Желі қолданушылардың деструктивті діни ағымдар қатарына кіріп кету факторларының бірі әлеуметтік желілердегі деструктивті қауымдастықтар мен топтарға жазылу болып табылады.
Бұл топтар мен қауымдастықтардың атаулары әдетте мүмкіндігінше бейтарап болып көрінеді. Бұған мысал ретінде «Исламдағы махаббат», «Счастье в Исламе», «Пайдалы насихат» және т.б. қауымдастықтарды айтсақ болады. Алайда, атаулары мейірімге шақырғанымен, қауымдастықтардың ішінде жүргізіліп отырған ақпараттық саясат мүлдем басқа және алдап-арбауды мақсат еткен ақпараттық тұзақ. Осыған байланысты облыс көлемінде әлеуметтік желі қолданушылары арасында деструктивті діни бағыттағы топтарға тіркелген азаматтарға орталық мамандары тарапынан ескерту хаттар жолдануда. Азаматтар білместіктен заң бұзушылықтарға алып баратын лайк, репост немесе пікір жазудан аулақ болғандары жөн. Осындай іс-әрекеттер салдарынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490-баптары негізінде былтыр 25 тұлғаға 2 миллион 141 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы осындай келеңсіз жағдайлардан ішкі тұрақтылық пен ауызбіршілікті сақтау арқылы ғана құтыла аламыз. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің діни сауатын арттыруға мән беріп, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шама-шарқынша атсалысатын болса елдің ішкі тұрақтылығы мен бүтіндігіне ешқандай жат пиғылды ағымдардың сызат түсіре алмасы анық.
Ж.ЖОРАБЕК,
облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің бөлім басшысы.
Алдыңғы мақала

БАРЛЫҒЫ САТЫЛУЫ МҮМКІН, ДЕГЕНМЕН АДАМ…

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақ қоғамындағы бір проблема – отбасыдағы зорлық-зомбылық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Қазақ қоғамындағы бір проблема – отбасыдағы зорлық-зомбылық

Қазақ қоғамындағы бір проблема – отбасыдағы зорлық-зомбылық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.