Пробация – тәрбиелеуші қызмет — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Воскресенье, 19 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Пробация – тәрбиелеуші қызмет

ais_media ais_media
18.01.2024
Қоғам
0
Пробация – тәрбиелеуші қызмет
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңына сай пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болып табылабы.

Пробацияның мақсаты: 1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу; 2) сотталған адамды әлеуметке қосу; 3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Пробациялық бақылау дегеніміз – пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың өздеріне заң мен сот жүктеген міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша пробация қызметінің және полицияның жұмысын білдіреді.

ҚР Ішкі істер Министрлігіндегі кездесуінде ҚР Президенті «Қоғамда Заң мен Тәртіп қатаң сақталуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Қылмыскерлермен күрес ымырасыз жүргізілуге тиіс. Бірде бір құқық бұзушылықты елеусіз қалдыруға болмайды. Мұнда ұсақ-түйек деген жоқ» деп атап өткені мәлім.

Өткен жылдың 12 айында облыс аумағындағы пробация қызметінде 4000-нан аса сотталған пробациялық бақылау есебінен өтіп, олармен 73 қайта қылмыс тіркелді, Сарыағаш, Жетісай, Кентау,Мақтарал, Төлеби аудандарда ауыр, орташа санаттағы қылмыстар өсті.

Назарға алар жай, орын алған қайта қылмыстың 75%-ін меншікке қатысты ұрлық, алаяқтық, тонау сынды  қылмыстар құрады, тіркелген қайта қылмыстың 54-ін «жоғары» тәуекел топтағылар жасаған.

Қайта қылмысқа жол берген есептегі сотталғандарды қысқаша портреттік суреттегенде: 92%-ер адамдар, 64%-жұмыссыздар, 26%-түзеу мекемелерінен босағандар құрайды, 64%-түнгі мезгілде, 11%-алкогольдік масаң күйде жасалған. Демек, аталған статистикалық көрсеткіштер құзырлы органдардың бұл бағыттағы іс-шараларды, бақылау мен қадағалауды арттыруды талап етеді.

Әлеуметтік-құқықтық көмек дегеніміз – пробацияны жүзеге асыратын субъектілер іске асыратын, өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосуға, әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға бағытталған шаралар кешені болып табылады.

Есептегі сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу мәселесі басым бағыттың бірі болып табылатындықтан, бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен жалпы 11,5 млн теңге бөлініп, есептегі сотталғандарды мәдени-спорттық, қоғамдық іс-шараларға жұмылдыруға, әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалды.

Сонымен бірге, Шардара, Түлкібас, Мақтарал аудандарында сотталған борышкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылса, Кентау, Жетісай, Түлкібас, Байдібек, Түркістан аудандарында қайтарымсыз несие бөлу арқылы олардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына ықпал жасалды, Келес, Жетісай аудандарында жаза түрін ауыстыру туралы сот отырыстары есептегі сотталғандардың қатысуымен қаралып, Ордабасы ауданында мансап орталығының мүмкіндігін пайдаланып, есептегі сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жолға қойылды, яғни мұндай іс-шаралар 2024 жылы да жалғасын таба береді.

Қылмыстық айыппұлдар бойынша 272 млн теңгені құрайтын 36 атқарушылық құжат орындалып, орындалуы 89% құрады.

Жоғарыда аталған Заң бойынша өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызметіне келуге; жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын өтеу шарттары мен тәртібін сақтауға;тіркелу және өзімен профилактикалық әңгімелесу жүргізу үшін белгіленген күндері пробация қызметіне келіп тұруға;тұрғылықты жерінің, жұмыс немесе оқу орнының өзгергені туралы пробация қызметін жазбаша хабардар етуге;өзіне заң мен сот жүктеген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Осыған орай, пробациялық бақылау шарттарын сақтамай, қасақана құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бергені үшін жаза түрін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралыпробация қызметімен жолданған материалдардың 113-і соттармен қанағаттандырылды, ал 59-ы қаралу сатысында.

Бүгінгі күні есептегі сотталғандардың тұрмыстық-отбасылық, әлеуметтік-құқықтық бағытта туындаған мәселелері бойынша жергілікті аудан прокурорларымен жеке қабылдау жүргізу тәжірибесі, прокуратура және басқа да құзырлы органдар өкілдерінен тұратын жұмысшы (мобилді) топтармен олардың мекенжайындағы тұрғын үйіне шығу арқылы кездесу арқылы тексеру жүргізу жүзеге асырылуда.

Б.Сейфолла,

облыс прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау

Басқармасының бастығы, аға әділет кеңесшісі

 

 

Алдыңғы мақала

Шетелдік діни уағызшылардың қауіптілігі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БАРЛЫҒЫ САТЫЛУЫ МҮМКІН, ДЕГЕНМЕН АДАМ…

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Адам саудасы табыс көзіне айналып барады

БАРЛЫҒЫ САТЫЛУЫ МҮМКІН, ДЕГЕНМЕН АДАМ…

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • Есірткісіз болашақ!

    Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.