Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»Отбасыдағы зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы керек
    Қоғам

    Отбасыдағы зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы керек

    17.01.2024

    Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдар қатайтылып, түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Алайда, соған қарамастан өздерінің іс-әрекетіне жауап беруге қауқарсыз адамдар әлі де азаяр емес. 

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қоғамда орын алып жатқан зорлық-зомбылық пен қатігездіктің алдын алу үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтқан еді. «Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тапсырмаммен нақты шаралар қабылдануда. Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді» деді Президент. Осы жерде айта кету керек, биыл 5 қаңтарда Астанада әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі талқыланған брифингте елімізде зорлық-зомбылықпен күресетін арнайы бөлімше құрылатыны айтылды. Оған барынша әйел-қызметкерлер тартылмақ.

    «Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» десек те, зорлық-зомбылыққа төзімсіздік танытпаса болмайды. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар. Олар көбінесе психологиялық және материалдық тұрғыда күйеулеріне тәуелді болып келеді. Өмір бойы таяқтан көз ашпай, үреймен күн кешсе де, «балаларым әкесіз өспесін» деген намыспен күн кешіп, өз-өздерін тежеп ұстап жүрген әйелдердің аз еместігі қоғамды алаңдатып отыр. Жақында «Аmanat» партиясы фракциясының депутаты Жұлдыз Сүлейменова отбасыдағы зорлық-зомбылық тақырыбын Мәжілісте көтерді. Осыған дейін Мемлекет басшысы: «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын» деген болатын. «Аmanat» партиясы фракциясы осы тапсырманы орындау мақсатында әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заң жобасын шұғыл әзірлепті. Бұл жөнінде  Жұлдыз Сүлейменова: «Заң тұжырымдамасындағы түзетулер зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде тану, педофильдерге өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасын кесу, жалпы жаза мен жауапкершілікті күшейту тетіктерін қарастырады. Өкініштісі сол, түсініксіз себептермен заң әлі Мәжіліске енген жоқ» дейді.

    Айтуынша, депутаттардың ұсыныстарында мынадай мәселелер қамтылыпты: әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы қажет. Сондай-ақ, заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алатын, қатаң шаралар қабылдайтын жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жеткендігі де айтылған.

    Ал, Үкімет басшысы Қылмыстық кодекске тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде енгізілген заңнамалық түзетулер былтыр 19 мамырдан бастап заңды күшіне енгенін айтады. Енді осы өзгерістерді саралап көрсек. Денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіру сияқты ең көп таралған тұрмыстық қылмыстар бойынша «кінәліге» материалдық «жаза» енгізілді. Тұрмыс саласында денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтіру жазасы бұрын 3 жыл болса, енді  6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Мұнан бөлек, әкімшілік заңнамаға да түзетулер енгізіліпті. Бұрын татуласу рәсіміне ешқандай шектеулер болмайтын, енді ол күшейтіліп, сотта ғана тек бір рет татуласуға рұқсат етілген. Ендігі жерде Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік отбасы саясаты және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы уәкілетті орган ретінде бекітіліпті.

    Иә, отбасыдағы жанжалдың кесірінен болатын қылмыстардың жиілеп кеткені қазіргі таңдағы ең өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Оның басты себептеріне маскүнемдік, жұмыссыздық, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдың нашарлығы жататындығын зерттеулер көрсетті. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жәй ғана отбасылық мәселе деп емес, қылмыс түріне жатқызу керек. «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деген тәрізді салғырттық орны толмас өкінішке ұрындыратыны сөзсіз. Сондықтан қоршаған ортада болып жатқан мән-жайларға қай-қайсысымыз да бей-жай қарамай, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күресуге бірлесе әрекет етуіміз керек.

     

    Д.АХАНОВА,

    Б.Өтеп атындағы «Өнер» мектебінің мұғалімі.

     

     

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.