ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 14 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

ais_media ais_media
20.01.2024
Қоғам
0
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Асыл қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қарасты «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бөлімшесінде болып, жұмыстарымен танысты. Ұжыммен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жұмыс сапасын жақсарту мақсатында еркін форматта пікір алмасты.
Өткен жылдың желтоқсан айынан жұмысын бастаған бөлімше ауыл әкімдіктермен бірлескен түрде аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға қатысып өз кәсіптерін ашуларына, тұрақты табысқа қол жеткізулеріне, цифрлық қызметтер мен жұмыспен қамтылуларына көмектесу, еңбекке баули отырып заңгерлік-медияциялық, құқықтық, психологиялық және қаржылық сауаттылықты арттыру көмектерін көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, тақырыптық семинар-тренингтер өткізеді.
Бұған дейін ауданда 14 тақырыптық семинар-тренингтер мен түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіп, орталыққа жүгінген 4 отбасыға тиісті көмектер көрсеткен бөлімше басшысы Ақбаян Жакипованың айтуынша алдағы уақытта отбасыларға әулеуметтік қолдау көрсету мақсатында СММ менеджері кәсібі мен тігін ісін (киім тігу, перде тігу, төсек жабдығын тігу) меңгерту, ерлер және әйелдер шаштаразы мен кондитерлік өнімдерді дайындау мамандарын оқыту, қызмет көрсету нысандарының мамандары – кассир, сатушы, даяшы, менеджер, клининг қызметкерлері мен бала күтушілерді дайындау, массаж жасау мен үй жағдайында шағын жылыжай ісін қолға алу, үй жағдайында жібек құртын өсіру, киізден жасалған бұйымдар мен құрақ құрау, қол кілем тоқу кәсібіне баулу секілді жұмыстардың жоспарланып отырғанын жеткізді.
Жүздесу соңында аудан басшысы ашылғанына көп бола қоймаса да бірқатар жұмыстар атқарып, ауқымды жобаларды қолға алып отырған мекемеге арнайы ғимарат қарастыруды, жағдай жасауды, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыстарды күшейтуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына тапсырды.
Алдыңғы мақала

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты назарда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты назарда

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.