Ана мен баланың қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Ана мен баланы қорғау, олардың құқығын қорғау бағытында Түркістан қаласында да бірқатар іс шаралар өтіп жатыр. Отбасындағы әке мен ана, бала құқығы, олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүруде. Түркістан қаласының полицейлері бұл бағытта қызметтер атқаруда. Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады». Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы. Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі – Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды. Еліміз бойынша соңғы жылдары сот шешімімен балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған үшін, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда.
Адам құқықтары жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында үлкендер қалай қорғалса, балаларды да солай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп арасындағы балалар объектісі болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, «балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды» деп атап көрсетті. Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалім/оқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді және мұның зорлықты тудыратын экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және мәдени проблемалардың түпмәтінінен толық үзіп алынуына қарай болмашы ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін.
Мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық–адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі–бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың психологиялық денсаулықтары мен жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі жанұядағы зорлық-зомбылық.«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. Зорлықтың түрлері: Эмоциялық зорлық балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу. Физикалық зорлық отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық. Қауіп-қатер отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу.
Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық-зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.