Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағлан Айтпаевтың төрағалығымен атқарылған жұмыстар есебін беру бойынша жиналыс өтті. Отырысқа барлық басқарма басшыларымен қатар 17 қала, аудан бысшылығы да қатысты.
Олар жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде былтырғы жылға қорытынды жасаған басшы орынбасары «2023 жылы 12 айында көшелерде 591 қылмыс орын алып, патрульдік саптық бөліністерімен 578 қылмыстық құқық бұзушылықтар ізі суытпай ашылғандығын да (ашылымы 97,8 пайызды құрайды) атап өтті.
Сонымен қатар Жедел басқару орталығы бастығының м.а. Нұрсұлтан Мейірхан өз баяндамасында 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, «102» «мобильдік қосымшасымен» 522 хабарлама тіркелген. Аталған хабарламалар бойынша дер кезінде тұрғындарға көмек көрсетіліп, мәселелер өз мерзімінде шешімін тапқан.
Орын алған бірқатар кемшіліктерге тоқталып, биылғы жылы оны жоюға жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған Бағлан Айтпаев департамент басшысы Мұрат Қабденовтың биылғы жылды «Профилактика» жылы деп жариялауына орай алда атқарылатын істердің қыруар екендігін және бірлесіп атқарғанда ғана нәтижелі жұмыс жүретіндігін айтты.