ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Суббота, 16 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ais_media ais_media
22.01.2024
Қоғам
0
Құқықтық санаң мен мәдениетіңді арттыр
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Мемлекет басшысы әрбір жолдауындазаң үстемдігінің берік орнығуы мен сот төрелігінің әділ атқарылуына баса мән береді. Бұл мәселеде қылмыстық заңнамаларды мұқият саралау, сонымен қатар, адам өмірін қию, қарақшылық секілді ауыр қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау, тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын барынша қатаңдату, нашақорлық, есірткі саудасымен күресте  кешенді жоспар әзірлеу жұмыстарын тапсырған  болатын.

Қазіргі таңда бұл бағытта кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Елімізде азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот, басқа да құзырлы органдар арқылы қорғай алуы жан-жақты қарастырылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасы институтына айтарлықтай әсер ететін әлеуметтік проблема болғандықтан, Қазақстанның халықаралық құқық қорғау келісімдерін ратификациялап, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде міндеттемелер алғаны баршаға мәлім.

Соған орай, ел заңдарымен  тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында болуы мүмкін адамдардың құқықтары және оны қорғау шаралары барынша нақтыланды. Дейтұрғанмен, жұртшылықтың заңмен берілген мүмкіндікті пайдаланбауы, яғни, өз құқықтарын дұрыс білмеуі тұрмыстық зорлық-зомбылықты өршітіп тұр.

Бұған қазақстандық отбасылардағы зорлық-зомбылық оқиғаларының  соңғы жылдары күрт өсуі дәлел. Мысалы, ресми мәліметтер күйеуінің қысымына ұшыраған әйелдер үлесі үш жыл ішінде 25 пайыздан асқан. Осы жағдайдың өзі зорлық-зомбылық, әлімжеттік әрекеттеріне жазаны барынша қатаңдатуды талап етіп отыр.

Бұл мәселе Президенттің Жолдауында да көрініс тапты. Яғни, Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызуды атап айтып: «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын» деді.

Осыған орай, қазіргі таңда заңнамалық тұрғыда тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркемей-ақ, бірден ашу сипатына көшіру, татуласуға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық жазаларын барынша қатайту шаралары әзірленуде. Құқық бұзушылық қайталанып жасалған жағдайда әкімшілік қамауға алуды 25 тәулікке дейін ұлғайту да қарастырылып жатыр. Мұндай  нормалар өз кезегінде құқық бұзушылықтыңалдын алуға ықпал етері анық.

Азаматтардың теңдігін қамтамасыз ететін қоғам құру, әсіресе, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау өркениетке ұмтылған елдің басты міндеттерінің бірі. Өйткені, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықта гендерлік теңсіздік мәселесі маңызды рөл атқаратынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осы себепті, Президент айтқандай, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызып, жаза түрін мейлінше қатайтудың артық болмайды. Керісінше, әлімжеттік оқиғаларын болдырмаудың мүмкіндігі артады.

Сарапшылардың пікірінше, айтып отырған мәселенің оң шешімін табуында цифрлық технологиялар мен статистикалық мәліметтерді пайдалану да тиімді тетіктердің бірі болады. Мәселен, статистикаға сүйену арқылы қандай да бір проблемалар туындауы мүмкін өңірлердегі отбасыларды анықтап, тиісті шараларды дер кезінде қабылдау өз кезегінде қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермейді. Сондықтан, бұл тұрғыда қолға алынған әрбір бастама қашан да маңызды. Осы негізде өңір орталығы Түркістанда нақты жұмыстар атқарылуда.

 

 

Алдыңғы мақала

ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНГЕН ЖӨН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.