Шардар ауданында дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық № 4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен «Діни экстремизм терроризмнің алдын алу», — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, №4 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау аға лейтенанты Бауыржан Укаша қатысты.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті діни ағым ықпалына түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесі дербестігін, өз бетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетін мүлдем жоғалтады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», — деп бекер айтылмаған. Қазіргі таңда осы талап — тілегін қанағаттандыра алмай, жат ағымдардың жетегінде кету сияқты көріністер орын алып жатыр. Деструктивті сипаттағы теріс діни ағымдарға ерген жастар аят — хадистерде айтылған жайттардың астарындағы даналыққа үңілмеді, діни мәтіндерге үстірт қарады, тарихты оқымады, мәдениетті елемеді, келте діни түсінікпен ата — ана, туыс — туған, дос — жарандарынан безінді, дәстүріне қарсы шықты, қабірлерді қиратты, мемлекеттік билігіне қару алып қарсы тұрып, кейбір зайырлы білім пәндерін қабылдамады, қоғамнан оқшауланып, өздерінен басқаларды адасушы деп түсінді, біржақтылыққа ұрынды. Мемлекеттік рәміздерді және түрлі мерекелерді құрметтемейді. Қазақстандағы көпшілік ұстанатын ханафи мәзһабын жоққа шығарады. Орта Азияда және мұсылман әлемінің басқа аймақтарында орныққан діни мектептерді ешқашан құптамайды деп сөзін қорытындылады.